Теректі әулие - Орталық Қазакстандағы тасқа бейнелеу өнерінің көне ескерткіші. Теректі әулие Теректі темір жол стансасынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан.
XX ғасырдың 40-шы жылдары ОҚАЭ-ньң жетекшісі академик Ә.X.Марғұлан осы ескерткішке алғаш назар аударып, қыскаша сипаттама береді. Теректі әулиені кешенді зерттеуді 1996 жылдан Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізді (жетекшісі 3.С.Самашев).Т еректі әулие .археологиялық кешені тасқа бейнеленген суреттерден, неолиттік тұрақтардан, қола дәуірінің қоныстары мен некропольдарынан т.б. тұрады.
Теректі әулиеде тасқа жануарлар суреті бейнеленген. Бұның барлығы сақ дәуіріне жататын «аң стилі» бейнелеу өнеріне саяды. Жалпы, Теректі әулие петроглифтері: қола дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 2-1 мың жылдықтың басы); скиф-сібір дәуіріне (біздің заманымыздан бұрынғы XII - біздің заманымыздың I ғасырлары) және орта ғасырға жатады. Археолог Ж.Құрманқұловтың жетекшілігімен Жезқазған университеті барлау-археологиялық экспедиция ұйымдастырып (2003), «Теректі әулие тылсымдары» атты фотокөрме өткізді (2004).
Дереккөздер: Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Жетісудың ең көне ескерткіштерінің бірі.
Қазақстан, әрі Орта Азиядағы Әлемдік мұра тізіміне бірінші болып енген табиғи нысан.
Ұлытау - Сарыарқаның оңтүстік-батысындағы аласа таулы массив.
Іле Алатауының әсем ландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған.
Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ.
Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық.