53.7287464, 65.4789698
Сарыарқа — Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері — Қазақстан, әрі Орта Азиядағы Әлемдік мұра тізіміне бірінші болып енген табиғи нысан.
2008 жылдың 7 шілдесіне Квебекте (Канада) өткен Әлемдік Мұра Комитетінің 32-сессиясында қабылданған болатын.
Нысан Қазақстанның далалық аймағында орналасқан жалпы ауданы 450 344 га. құрайтын екі қорықтан тұрады - Қорғалжын қорығы және Наурызым қорығы. Нысан тұщы және ащы сулы екі өзендер тобын қамтып, солтүстіктегі Арктикаға және оңтүстіктегі Арал-Ертіс бассейніне құятын өзендердің суайырығы болып табылады. Сонымен қатар, жыл сайын Африка, Үндістан және Оңтүстік Еуропадан Батыс және Шығыс Сібірде орналасқан ұя салу орындарына миграциялайтын миллиондаған жыл құстары үшін маңызды аялдау жері болып табылады.
Бұл сулы-батпақты алқаптар жаһандық қауіп төнген кәдімгі қоқиқаз, бұйра бірқазан, ақ тырна, тарғақ, аққұйрықты субүркіт, ақбас үйрек сияқты құстардың популяциясын демеп тұруға үлесін тигізіп келеді және бұдан басқа нысанға енген 200 мың га. орта азиялық жазықтық далалық аймақ флорасы жартысынан көбісінің, сонымен қатар ақбөкеннің мекен ету аймағы болып табылады.
Жетісудың ең көне ескерткіштерінің бірі.
Ұлытау - Сарыарқаның оңтүстік-батысындағы аласа таулы массив.
Іле Алатауының әсем ландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған.
Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ.
Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық.
Сауысқандық петроглифтері – тарихи ақпарат, адамзат ақыл-ойының жемісі. Осындай тамаша табиғатты, жартастарында ежелгі адамдардан қалған қолтаңбасы бар тарихи орындарды сақтап, туристік бағытта саяхат жасауға жағдай тудырсақ.