"Сұңқар" балалар сауықтыру лагері
Балалар лагерлері
0 / 0 пікір
Ақмола облысы
Сипаттама

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының «Сұңқар» балалар сауықтыру лагері Көкше өңіріндегі Зеренді көлінің жағалауындағы «Көкшетау» ұлттық саябағында орналасқан.

Мұнда екі апта ішінде компанияға қарасты еншілес ұйымдар қызметкерлерінің 2 мыңға жуық балалары демалып, денсаулықтарын түзетеді. Әсіресе Қызылорда, Маңғыстау және басқа облыстардан келген жеткіншектердің алған әсерлерін тауысып айта алмайсың.

«Сұңқар» сауықтыру лагерін­де толыққанды демалу үшін жан-жақты жағдай жасалған. Бала­­лар жайлы тұрғын корпус­тарда тұрады. Әр нөмірде сани­тарлық торап, душ бөлмесі жұмыс істейді. Кешен аумағында баскетбол, волейбол, футбол ойнауға ар­налған алаңдар бар. Суға түсіп жүземін десең екі бассейн ашылған. Сон­дай-ақ, тренажер, кино залдары да толық қызмет көр­­сетеді. Жеткіншектер сүйікті істерімен айналысып, уақыттарын мәнді өткізеді.

Демалыс кезінде балалар Бу­­­­­рабай ұлттық саябағына барып саяхатқа шығады. Абылай ханның алаңында болып, табиғат музейінің жәдігерлерімен танысады. Әрине, жаяу жорықта гитараға қосылып ән шырқайды. Түрлі концерттер мен дискотекаларға қатысып, өнер­­лерін көрсетеді.

2001 жылдан бері «Сұңқар» сауықтыру кешені жазғы мау­сым­да 23 мыңнан астам баланы қабылдап, жақсы тыны­ғуларына жағдай жасады. Не­гізінен олар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компа­ниясына қарасты еншілес кәсіп­орындар мен бөлім­шелердің бала­лары. Жеткіншектердің көп­­шілігі табиғаты қаталдау Қызыл­орда, Жаңаөзен, Маңғыстау сияқ­­­ты өңірлерден келді. Әрине, олар­дың бәріне Ақмола облы­сы­ның аумағындағы қарағайлы ор­­мандардың көркемдігі көңіл­дерінен шығып, денсаулықтарын шың­­­дауға себебін тигізгені сөзсіз.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Балалар лагерлері

Іле Алатау Ұлттық Мемлекеттік табиғи саябағында Маралсайда орналасқан. Таза тау самалымен, мөлдіреген бұлағымен табиғатта демалу толығымен қамтылған.

0 / 0 пікір
Балалар лагерлері

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы тікілей мемлекетіміздің Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Артек» Халықаралық балалар орталығы негізінде құрылды.

0 / 0 пікір
Балалар лагерлері

"Белбұлақ" балалар лагері Алматы облысы Іле Алатауының баурайындағы Ұлттық парк түбінде орналасқан.

0 / 1 отзыв
Балалар лагерлері

Расположение: 65 км от г. Алматы, в одном из красивейших ущелий области "Тургень", 2 км не доезжая до Фореливого хозяйства.

0 / 0 пікір
Балалар лагерлері

«Простор» орталығының аумағы 50 га қарағайлы орманды алып жатыр.

0 / 0 пікір
Балалар лагерлері

«Континент» балалар сауықтыру лагері Бурабай курортты аумағындағы Қатаркөл көлінің жағасында, Астана қаласынан 230 шақырым жерде орналасқан.