53.0813, 70.3551
«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы тікілей мемлекетіміздің Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Артек» Халықаралық балалар орталығы негізінде құрылды.
«Балдәурен» – республикалық ғылыми-әдістемелік, сауығу және оқу-педагогикалық ұйымдастыру орталығы, - бұл оқу–педагогикалық және сауықтыру істерін ұйымдастырумен айналысатын, сонымен қатар балалардың Халықаралық және Республикалық мәдени көпшілік, ғылыми –практикалық іс-шараларын өткізетін Республикалық оқу-сауықтыру орталығы. “Балдәурен” РОСО еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі Бурабай курорты аймағында Щучье көлінің жағасында орналасқан.
Қазіргі таңда «Балдәурен» –ТМО және ОрталықАзия аймақтарындағы теңдесі жоқ бірден–бір балалар мен жасөспірімдердің демалысын,сауығуын ұйымдастыратын және олардың шығармашылықтарының дамуына барлық жағдайлар жасайтын Республикалық оқу–сауықтыруорталығы.
Орталық жыл бойына үзіліссіз қызмет етеді және бір ауысымда 350 оқушыны қабылдайды. Ауысымның ұзақтығы жаз мезгілдерінде – 15 күнді, ал қыс мезгілдерінде- 20 күнді құрайды.
Балалар үшін қазіргі заман талабына сай жабдықталған бөлмелер және техникалық құралдармен жабдықтылғын сыныптар. Гидромассаждық душ кабиналары бар, жайландырылған бөлмелер.
Балалар 5 рет тамақпен қамтамасыз етіледі, сауықтыру және профилактикалық іс-шаралары: массаж, су процедуралары, емделу ванналары, сауна, коктейль және қарағайлы таза ауа.
Орталықтың барлық жалпы аумағы 8.62 га, оның негізгі пайдалы құрылыс аймағы – 15 288 кв.м. алады. Алты қабатты жайдың, 1 қабаты–мектеп, 2 -3 – 4 қабаттары жататын бөлмелер, 5 қабат әкімшілік-тұрмыстық, 6 қабат – ойын залдары. Бес қабатты медициналық кешен. Екі қабатты спрот кешені. Үш қабатты әкімшілік кешені. Жабық бассейн. Автотранспорттық, жылу және кір жуу шаруашылығы.
Балалардың пайдалануы үшін емдік және сауқтыру процедуралары, электронды тақталарымен және ең соңғы оқу техникаларымен жабдықталған физика , химия, лингофон, , компьютер кабинеттері, 20000 дана оқу және әдеби кітаптармен жабдықталған библиотека,топ бөлмелері бар. Қыста аяқ асты сықырлаған аппақ қар,шаңғы жолдары, сырғанақтар. Спортық қысқы және жазғы арнайы төсегіш төселген алаңдар,шатырлы қала, топтық от алауын жағатын алаңдар, тренажер, спорт және ойын залдары Халықаралық стандартқа сай жабдықталған үлкен және жүзуді жаңа үйренушілерге арналған кіші жүзу бассейіндері бар. Балалар гидро – массаж душ кабиналарымен жабдықталған бөлмелерде тұрады. Бес рет дәрумендерге бай жас көкөністер мен жемістер және калориялы тағамдар беріледі. Диета сақтау столы бар.
***
Бүгінгі күні «Балдәурен» - «Артек» Халықаралық балалар орталығынан, Бүкілресейлік «Океан» және «Орленок» балалар орталықтарынан (Ресей Федерациясы), «Зубренок» Ұлттық балалар сауықтандыру лагерінен өзге ТМД елдері мен Еуразия кеңістігінде баламасы жоқ айрықша балалар орталығы болып табылады.
«Балдәуренге» Қазақтардың Бүкіләлемдік Ассоциациясының тарапынан алыс және жақын шетелдерден балаларды демалуға қабылдау игі дәстүрге айналды. Біздің орталыққа Ресейден, Қырғызстаннан, Моңғолиядан, Ұлыбританиядан, Германиядан, Қытайдан, Өзбекстаннан, Венгриядан балалар келді.
Бүгінде орталық базасында Алматы, Астана, Көкшетау, Мәскеу, Семей, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Петропавл және т.б. қалалардың ЖОО-ның студенттері жазғы іс-тәжірибеден өтіп жүр. Польшаның, Финляндияның, Чехияның студенттері тәжірибеден өтуге келді.
Жыл сайын ҚР БҒМ, Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Достықтың алтын көпірі» тақырыбында дәстүрлі балалар форумы өтеді.
Жыл сайын Қазақстан Республикасының балалар бірлестіктері мен ұйымдарының фестивальдері өтеді, бұл жас тұрғындардың белсенді азаматтық көзқарастарын қалыптастыру бойынша елде балалар қозғалысын дамыту саласында оң үрдіске жол ашады.
2007 жылдан бастап жыл сайын мүмкіндігі шектеулі балалардың «Жұлдызай» Республикалық фестивалі өтіледі, дәл біздің орталықтың қызметкерлері инклюзивті білім беру саласында елімізге жаңа педагогиканы белсенді енгізуші болып табылады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Балалар ұйымдарының Республикалық одағының бастамасы бойынша еліміздің тарихында тұңғыш рет 2009 жылғы 14-23 сәуір аралығында педагогикалық отрядтардың І Республикалық слеті ұйымдастырылды және өткізілді, бұл «Жаз – 2009» каникул кезеңіндегі балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру, сауықтандыруы мен демалысын позитивті ұйымдастыру саласында аталған әлеуметтік-педагогикалық құбылысты жандандыруға ықпал етті.
Сайт: baldauren.kz
Мекен-жайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс жағалауы,индекс 021700
Іле Алатау Ұлттық Мемлекеттік табиғи саябағында Маралсайда орналасқан. Таза тау самалымен, мөлдіреген бұлағымен табиғатта демалу толығымен қамтылған.
"Белбұлақ" балалар лагері Алматы облысы Іле Алатауының баурайындағы Ұлттық парк түбінде орналасқан.
Расположение: 65 км от г. Алматы, в одном из красивейших ущелий области "Тургень", 2 км не доезжая до Фореливого хозяйства.
«Простор» орталығының аумағы 50 га қарағайлы орманды алып жатыр.
«Континент» балалар сауықтыру лагері Бурабай курортты аумағындағы Қатаркөл көлінің жағасында, Астана қаласынан 230 шақырым жерде орналасқан.
Шығыс Қазақстан облысындағы «Көгілдір бұғазда» үлкендерге ғана емес, балаларға да арналған «Балақай» лагері бар.