«Балақай» балалар лагері
Балалар лагерлері
0 / 0 пікір
Шығыс Қазақстан облысы
Сипаттама

Шығыс Қазақстан облысындағы «Көгілдір бұғазда» үлкендерге ғана емес, балаларға да арналған «Балақай» лагері бар.

Өскеменнен 90 шақырым шамасындағы бұл лагерьде бүлдіршіндердің күлкісі жаныңды шуаққа бөлеп жатады. Мұнда балаларға барлық жағдай жасалғанын айта кеткен жөн. 

Қызықты өткізген демалыстан соң балалар оқуға шат-шадыман көңіл күйде оралатыны ақиқат. Шындығында да, бұл жердің жөні бөлек. Экологиясы таза. Таза ионды шыршаның майымен нәрленген таза ауа денсаулыққа өте пайдалы. Тұнық ауа жаныңды жадыратып, денені сергітеді. Сан алуан емдік шөптердің көпшілігі осы жерде өседі, әрине, ол да адам ағзасына пайдалы. Лагерь аумағында 3 және 4 қабатты екі ғимарат бар. Бұл ғимаратта сәбилер бір бөлмеде 3-6 баладан тұрады. Бір маусымда 600 баланы қабылдай алатын лагерь – еліміздегі ең мықты демалыс орындарының бірі.

Балалардың барлық уақыты арнайы кесте бойынша, есептеліп қойылған. Ашық волейбол және футбол, баскетбол алаңдары, тағы басқа спорт үйірмелері бар. Қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған ашық бассейн мен жағажай суға шо­мылушыларды рақатқа бөлеп, көңілін көтереді. Арнайы үлкен залда әртүрлі концерттік шара өткізіледі. Бөлмелері әдемі және ашық, сонымен қатар балалар кітапханада отырып, өздеріне қажетті әдебиетті оқып, бос уақытын тиімді өткізе алады.

Орналасуы: Қазақстан, ШҚО, Өскемен

Адрес: Өскемен қаласы,  Киров көшесі, 44

Телефон: 265-111, 525-155, 529-486, 8 777 985 74 25

Сайт: www.asa-tour.kz

Email: asa-tour@rambler.ru

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Балалар лагерлері

Іле Алатау Ұлттық Мемлекеттік табиғи саябағында Маралсайда орналасқан. Таза тау самалымен, мөлдіреген бұлағымен табиғатта демалу толығымен қамтылған.

0 / 0 пікір
Балалар лагерлері

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы тікілей мемлекетіміздің Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Артек» Халықаралық балалар орталығы негізінде құрылды.

0 / 0 пікір
Балалар лагерлері

"Белбұлақ" балалар лагері Алматы облысы Іле Алатауының баурайындағы Ұлттық парк түбінде орналасқан.

0 / 1 отзыв
Балалар лагерлері

Расположение: 65 км от г. Алматы, в одном из красивейших ущелий области "Тургень", 2 км не доезжая до Фореливого хозяйства.

0 / 0 пікір
Балалар лагерлері

«Простор» орталығының аумағы 50 га қарағайлы орманды алып жатыр.

0 / 0 пікір
Балалар лагерлері

«Континент» балалар сауықтыру лагері Бурабай курортты аумағындағы Қатаркөл көлінің жағасында, Астана қаласынан 230 шақырым жерде орналасқан.