Жаңақорған шипажайы — Қазақстандағы бальнеологиялық шипажайлардың бірі. Қазақстан темір жолыбойында, Қызылорда қаласынан 170 км, Теріскен көлінің жағасында, Жаңақорған кентінің жанында, теңіз бетінен 170 м биіктікте орналасқан. Шипалы балшығы мен тұзды суы ертеден белгілі болғанымен, санаторий болып тек 1918 жылдан бастап ашылған. Мұнда көбіне қол-аяқ, омыртқа буындарының сырқаттарын және гинекологиялық ауруларын емдейді. Негізгі емі: Теріскен көлінің шипалы балшығы, тұзды суы. Сондай-ақ, жақсы жабдықталған физиотерапия кабинеттері бар.
Шипажай туралы мәлімет.
Шипажай жыл бойы жұмыс істейді. 393 орынға арналған 7 корпусы, 260 адамдық асхана бар. Шипажайдағы демалушыларға арналған орындар – жай орын, люкс, «особняк» деп бөлінеді.
Шипажайда қосымша мынадай физиотерапиялық емдеулер қолданылады: ультрадыбыс, электрофорез, УВЧ, амилипульс, солюкс, УФО, лазер терапиясы, үгудің алуан түрі. Емдік медицинаның соңғы үлгідегі диагностикалық аппараттары мен УЗИ, ФГДС, ЭКГ зерттеу жолға қойылған.
Шипажайда емдейтін сырқаттар.
- Сүйек-буын аурулары: полиартрит, артрит, артрозоартрит, остеохондроз, ревматроидты полиартрит, бруцеллезді полиартрит.
- Перифериялық нерв жүйелерінің аурулары: неврит, полиневрит, радикулит, полирадикулоневрит, омыртқа жұлын жарақаттарының зардаптары, грыжа Шморля.
- Гинекологиялық аурулар: созылмалы аднексит, сальпингоофорит, бірінші және екінші бедеулік.
- Урологиялық аурулар: созылмалы простатит, ерлер ұрықсыздығы, ерлер белсіздігі.
- Асқазан, бауыр, ішек, өт жолдары аурулары: созылмалы гастриттің барлық түрі, колит, дуоденит, гепатит, холесистит, өт жолдарының дискенезиясы, созылмалы пиелонефрит, семіздік, подагра.
- Стоматологиялық сырқаттар: парадонтоз, стоматит, гингивит.
Емдік факторлар.
Курорттағы өте құнды, табиғи және ғасырлар бойы табиғаттың өзі жасап шығарған емдік факторлар:
- Теріскен көлінің көптеген химиялық элементтері бар пайдалы ерітінді тұзды суы;
- Табиғи лабораториядан өткен тұзды балшық, лай және батпақтары;
- Бұл тұзды ерітінділер мен балшық-батпақтардың белгілі ыстықтықпен шектеліп адам денесінің барлық түкпір-түкпіріне берілуі және керекті жағдайда қазіргі электр тоғының әсерімен ауырған жерге енгізілуі;
- Минералды ауыз суымен асқазанды, жіңішке, жуан ішектерді, бауыр және өт жолдарын шайып, жуу әсері;
- Курорттық климаттық фактор: бұл жерде ауа-райының бір жыл ішінде 7-8 айдай бірқалыпты ыстық болып адамды терлетіп, су айдағыш қабілеті денеден тер арқылы барлық керексіз улы заттарды айдап шығаруы; бұл табиғи жағдай бүйректің жұмысын жеңілдетіп, оларды демалдырып, қабынған тіндердің қалыпты жағдайына келуіне әсер етеді.
В стоимость путевки: 4-х разовое питание, проживание по перечню лечебных процедур, входящих в стоимость путевки, бассейн и аквапарк до 14:00, тренажерный зал один час в день.
5-звездочный санаторий Алматы после полной реконструкции вновь открылся в 2014 году.
Жер жаннаты Жетісудағы «Ақ бұлақ» шипажайы Алматы қаласынан 15 км жерде Талғар ауданының Алатау бөктеріндегі Шымбұлақ шатқалында орналасқан.
Профилакторий "Каркаралы" находится в г. Каркаралинске, 200 километров от г. Караганды, рядом с горным отелем Тас булак, который на сегодняшний день является одним из самых посещаемых в Казахстане.
Дом отдыха-санаторий «Березняки» расположен в экологически чистом районе карагандинской области в одноименном поселке Березняки.