«Ақ бұлақ» шипажайы
Шипажайлар
0 / 0 пікір
Алматы облысы
Сипаттама

Жер жаннаты Жетісудағы «Ақ бұлақ» шипажайы Алматы қаласынан 15 км жерде Талғар ауданының Алатау бөктеріндегі Шымбұлақ шатқалында орналасқан.

Бүгінгі заманның талабына сай күрделі жөндеуден өткен шипажай кезінде космонавттардың ұшып келгеннен кейін денсаулығын сауықтыру орны болып белгіленгені бекер болмаған. Себебі табиғаты әсем, оттегіне бай, 250 метр тереңдіктен шығатын минералды суы, сылдырлап қысы-жазы ағатын өзені, қайың, шырша, емен ағаштары, жүзу бассейін мен спорттың түр-түріне орындары толық дем алып дене сауықтыруға барлық жағдай жасайды.

2002 жылы жаңадан салған 3 қабатты емдеу орталығы бүгінгі заманның талабына сай диагностика, емдеу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Емдеу орталығында жүрек, қан-тамырлары, асқазан, ішек, бүйрек, жыныс бездері, бауыр, өкпе, жүйке-нерві, буын, сүйек омыртқа, әйелдер мен ерлердің жыныстық аурулары, аллергия мен тері ауруларына арнайы жобамен емдеу тәсілдері жолға қойылған.

Емдеу тәсілдері адамның жасына, қан-құрамына, өмір сүру тәртібіне, тамақтану әдісіне байланысты әр адамға жеке бағдарламамен қолданылады.

Емдеу түрлері табиғи, халықтық медицинасына сүйене отырып, шөптің бірнеше түрлерімен, балшықпен, минералды суменен, инемен, сүлікпен, тұзды немесе оттегімен азондалған ауамен, денені шлактан, улы заттардан тазарту әдістерімен /қан тазарту, бауыр өтін жуу, ішекті минералды сумен тазарту/, тағамның ішу тәртібін реттеу немесе аспен емдеу, қымыз, шұбатты пайдалану, әртүрлі дене шынықтыру тәсілдерімен ауру денені қалпына келтіру, тоқпен, жарықпен, шунгит тасымен және денені үзу, су астында омыртқаны созу, массаждың әртүрлі әдістерін қолдану тәсілдері қолданылады. Емдеу тәртібі сенбі, жексенбі күндерінде де жалғасады.

Шипажайға келген адамдар ем алумен қатар Алматы, Алматы облысының тарихи ескерткіштерімен көркем сәулеттеріне экскурсия жасап, бос уақытында би, ойын-сауық, кино, концерт тамашалап, спорттың түр-түрімен айналыса алады. Бөлмелерге ыстық-мұздай минералды су қосылып, тоңазытқыш, көгілдір экран, телефон және ұялы телефонның бәрімен байланыс орнатылған.

Бірінші байлық денсаулық, денсаулық өзін-өзі күтіп, уақытылы емделгенде ғана болатынын ұмытпайық.

Шипажайдың мекен жайы: Талғар ауданы, Шымбұлақ поселкісі, Талғар-Алматы трассасы, Талдыбұлақ аялдамасы. Дем алып, емделуге қашанда есік ашық.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Шипажайлар

В стоимость путевки: 4-х разовое питание, проживание по перечню лечебных процедур, входящих в стоимость путевки, бассейн и аквапарк до 14:00, тренажерный зал один час в день.

0 / 0 пікір
Шипажайлар

0 / 0 пікір
Шипажайлар

5-звездочный санаторий Алматы после полной реконструкции вновь открылся в 2014 году.

0 / 0 пікір
Шипажайлар

Профилакторий "Каркаралы" находится в г. Каркаралинске, 200 километров от г. Караганды, рядом с горным отелем Тас булак, который на сегодняшний день является одним из самых посещаемых в Казахстане.

0 / 0 пікір
Шипажайлар

Дом отдыха-санаторий «Березняки» расположен в экологически чистом районе карагандинской области в одноименном поселке Березняки.

0 / 0 пікір
Шипажайлар

Изумрудный шипажайы Шығыс Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бірі, Горная Ульбинка шатқалында, Өскемен қаласынан он алты километр қашықтықта орналасқан.