«Окси» шипажайы «экономкласс», «стандарт», «жартылайлюкс», «люкс» және «суперлюкс» дәрежедегі 60 номерді ұсынады.
Шипажай жолдама құнына кіретін 4 мезгіл тамақ ұсынады. Сонымен қатар шипажайда арнай тапсырыс беру жүйесі жұмыс жасайды, оны диета маманының тағадайындауымен жүзеге асады. Демалушылар назарына: бассейн, тренажер залы, жаздық бар, сауна, ойын бөлмесі, балалар үшін ойын бөлмесі және намазхана ұсынылған.
Медициналық қызметтер:
Шипажайда лабараторлық зерттеулер (жалпы қанның талдауы, жалпы зәрдің талдауы, қанның 10-11 көрсеткіштерін анықтаумен қанның биихимиялық талдауы), урологиялық және гинекологиялық ауруларға лабараторлық талдаулар жүргізіледі. Құрылымдық тәсілмен зерттеу (ішкі құрылыстардың УДЗ, асқазанды фиброгастродуоденоскопия эндоскопиялық жолмен зерттеу, он екі елі ішек), колоноскопия (тоқ ішектің эндоскопиялық зерттеу, тік ішекті), ЭХО – энцефалография, электроэнцефалография, ми тамырының УЗДГ, электрокардиограмма.
Шипажайда жеке бағдарламамен келесі дәрігерлер қабылдаулар жүргізіледі: терапевт, невропатолог, кардиоревматолог, стоматолог, мануальный терапевт, уролог, гинеколог.
Емдік процедуралар:
«Окси» шипажайында келесі емдік процедуралар жүргізіледі: минералды ванналар, панта және сілтілік ванна, скипидарлы ванна, суасты душ-массаж, циркулярлы душ, Шарко душы, өскелең душ, электрофорез, лазеротерапия, электросон, диатермия, УВЧ, төрткамералы гальвандық ванна, ультрадыбыстық, вагинальды ауруларды емдеу қызметтері, парафино-озокерито емдеу, инфрақызыл кабина, емдік тазарту клизмалары, құю, асқазан жуу, ішек тазалау (гидроколонотерпия), дуоденальды зондтау, ингаляция, УФО, фитотерапия, суасты омыртқа созу, массаж.
Сонымен қатар шипажайда қосымша медикаментозды неврологиялық емдеу, урологиялық, кардиологиялық, стоматологиялық және тамыр ауруларына емдеу жүргізіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарыағаш ауданы, Көктөрек елдімекені
Тел: 8 7253 751111
В стоимость путевки: 4-х разовое питание, проживание по перечню лечебных процедур, входящих в стоимость путевки, бассейн и аквапарк до 14:00, тренажерный зал один час в день.
5-звездочный санаторий Алматы после полной реконструкции вновь открылся в 2014 году.
Жер жаннаты Жетісудағы «Ақ бұлақ» шипажайы Алматы қаласынан 15 км жерде Талғар ауданының Алатау бөктеріндегі Шымбұлақ шатқалында орналасқан.
Профилакторий "Каркаралы" находится в г. Каркаралинске, 200 километров от г. Караганды, рядом с горным отелем Тас булак, который на сегодняшний день является одним из самых посещаемых в Казахстане.
Дом отдыха-санаторий «Березняки» расположен в экологически чистом районе карагандинской области в одноименном поселке Березняки.