Mausoleum of Ayakkamyr
Cultural heritage
0 / 0 reviews
Akmola Region
Description

Кесене Жезді кентінен солтүстік-батысқа қарай 9 км жердегі Жезді өзенінің сол жағалауында орналасқан (Қарағанды облысы Ұлытау ауданы).

Аяққамыр кесенесі – Орталық Қазақстанның көрнекті ескерткіштерінің бірі. Оның құрылысы ХІ–ХІІ ғ.ғ. дәстүрлі архитектуралық стильдің қалыптасуына әсер еткен ортағасырлық кезеңінің құрылыс өнерінің көрнекті туындысы болып табылады. Архитектуралық құрылымы мен безендірілуі – оғыз-қыпшақ дәуірінің құрылыстарына тән. Оның батысында 300 м жерде орналасқан Аяққамыр қаласының орнымен байланысты.

Жергілікті халық арасында бұл кесенеге қатысты көп аңыз тарала қоймаған. Алатауы жөнінде зерттеуші Г. Герасимов өз еңбегінде былай дейді: «...Бұл кесененің жергілікті тұрғындар арасында қалай, қашан пайда болғанын көрсететін аңыз-әңгімелер сақталмаған. Аяққамыр кесенесі – қирандыларына қарағанда оның осы аймақтағы ең көне кесене екенін көрсетеді. Бұл кесене – сондай-ақ Темірқұтлық кесенесі деген басқа атаумен де белгілі. Алайда дәл осыған ұқсас атау осы күмбезден 15-16 км орналасқан екін ші, сыртқы келбеті біршама тартымсыз кесенеге де берілген. Олардың қайсысына құқығы бойынша «Темірқұтлық» деген атау тиесілі, оны дәл басып айту – бүгінде қиын, өйткені бізде бұл мәселеге қатысты тарихи дерек қолымызда жоқ» дейді. Аяққамыр мазары жайлы алғаш рет ХІХ ғ. ортасында Ш. Уәлиханов, кейінірек академик А.И. Шренк өз еңбектерінде жазып кеткен. Олар берген мәлімет бойынша, кесене Қамыр ханның атымен аталған, алайда бұл атау тарихта әлі күнге дейін белгісіз. Академик Ә.Х. Марғұлан Аяққамыр мазары шыңғыс ұрпағы Құтлық Темірге арналып салынған болса керек деген болжам айтады.

Кесене портал-күмбезді пішінде салынған қабір құрылысына жатады. Биіктігі 1 м іргетасы бар, жалпы көлемі (өлшемі) – 8,10×9,84 м. Кесене қатты бүлінген. ХХ ғ. соңында оның тек қана кіреберіс қақпасы және жартылай көшкен жарты ай тәрізді үлгідегі өрнектері бар төрт қабырғасы сақталған. Бас фасадының ортасы монументті портал ретінде орындалып, ондағы терең ниша тік сүйірлі арка болып жабылған және біршама терең «П» тәрізді жолақпен жиектелген. Арка ортасындағы тікбұрышты пішіндегі есігінің өлшемі – 1,9×1,15 м. Кесененің фасады сол уақыттың өрнектік стиліне тән болмашы ғана шыққан бағаналармен безендірілген. Күмбезі күйдірілген кірпіштен қаланып, жарты оюлармен әшекейленген тақталармен қапталған. Шаршы негізден бұрыштарын кеміте қалау арқылы күмбез шығарылған. Құрылыста өлшемдері 26×26×5 см және 28×28×5 см болатын күйдірілген кірпіштер қолданылған.

1982 ж. Аяқамыр кесенесі республикалық маңызы бар Қазақ КСР-і тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекеттік қорғауға алынады.

 

Деректер

Археологическая карта Казахстана. Реестр / сост. Е.И. Агеева, К.А. Акишев и др. - Алма-Ата: изд-во АН КазССР, 1960. – 487 с. - № 937, табл. III, 16, 21.

Акишев К.А. Памятники старины Северного Казахстана // Тр. ИИАЭ. – 1959. – Т. 7. Археология. – С. 3–32. - С. 9, рис. 4–5, табл. I.

Герасимов Г.Г. Памятник архитектуры долины реки Кара-Кенгир в Центральном Казахстане. – Алма-Ата: издво АН КазССР, 1957. – 61 с.

Маргулан А.Х. Археологические разведки в бассейне реки Сарысу // ВАН КазССР. – 1947. – № 7. – С. 17–22.

Маргулан А.Х. Остатки оседлых поселений в Центральном Казахстане // Археологические памятники Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1978. –С. 3–37. - С. 19.

Сембин М.К. Мавзолей Аяк-Камыр. Историческая справка. 1977 // Архив НИПМ.

Текущий архив Карагандинской областной государственной инспекции по охране историко-культурного наследия (Фотографии).

Reviews
0 / 0 reviews
leave a review
See other
0 / 0 reviews
Cultural heritage

In 50 km from the modern city of Atyrau, there is one of perspective tourist routes, regional memorial estate "Khan Ordaly Sarajshyk" who opens all ancient history of the Kazakh people.

4.5 / 1 отзыв
Cultural heritage

The grave site of the great Kazakh poet of the 19th century, free-thinker and inspirer of the rebellion of Makhambet Utemisov is situated in Inder, Atyrau region, 40 km to the south-east from the village Inderbor.

5 / 2 отзыва
Cultural heritage

Atyrau region is rich in its architectural monuments of culture, one of them is considered to be Zhuban Mausoleum.

0 / 0 reviews
Cultural heritage

Senek reserve is an architectural monument of the XVII - XX centuries, it represents a necropolis consisting of several sepulchral constructions and an old mosque.

0 / 0 reviews
Cultural heritage

One of the oldest and most beautiful architectural monuments of the city - Uspenski Cathedral is located in the heart of the city of Atyrau, on Issatay Taimanov street, just a few steps from the main square.

0 / 0 reviews
Cultural heritage

One of the leading places in the cultural life of Atyrau and the whole Atyrau region belongs to the Kazakh Drama Theater named after Makhambet Utemisov.