«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының «Сұңқар» балалар сауықтыру лагері Көкше өңіріндегі Зеренді көлінің жағалауындағы «Көкшетау» ұлттық саябағында орналасқан.
Мұнда екі апта ішінде компанияға қарасты еншілес ұйымдар қызметкерлерінің 2 мыңға жуық балалары демалып, денсаулықтарын түзетеді. Әсіресе Қызылорда, Маңғыстау және басқа облыстардан келген жеткіншектердің алған әсерлерін тауысып айта алмайсың.
«Сұңқар» сауықтыру лагерінде толыққанды демалу үшін жан-жақты жағдай жасалған. Балалар жайлы тұрғын корпустарда тұрады. Әр нөмірде санитарлық торап, душ бөлмесі жұмыс істейді. Кешен аумағында баскетбол, волейбол, футбол ойнауға арналған алаңдар бар. Суға түсіп жүземін десең екі бассейн ашылған. Сондай-ақ, тренажер, кино залдары да толық қызмет көрсетеді. Жеткіншектер сүйікті істерімен айналысып, уақыттарын мәнді өткізеді.
Демалыс кезінде балалар Бурабай ұлттық саябағына барып саяхатқа шығады. Абылай ханның алаңында болып, табиғат музейінің жәдігерлерімен танысады. Әрине, жаяу жорықта гитараға қосылып ән шырқайды. Түрлі концерттер мен дискотекаларға қатысып, өнерлерін көрсетеді.
2001 жылдан бері «Сұңқар» сауықтыру кешені жазғы маусымда 23 мыңнан астам баланы қабылдап, жақсы тынығуларына жағдай жасады. Негізінен олар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қарасты еншілес кәсіпорындар мен бөлімшелердің балалары. Жеткіншектердің көпшілігі табиғаты қаталдау Қызылорда, Жаңаөзен, Маңғыстау сияқты өңірлерден келді. Әрине, олардың бәріне Ақмола облысының аумағындағы қарағайлы ормандардың көркемдігі көңілдерінен шығып, денсаулықтарын шыңдауға себебін тигізгені сөзсіз.
Детский лагерь «Марал-Сай» приглашает детей в возрасте от 6 до 15 лет на летние каникулы, чтобы окунуться в атмосферу праздника и приключений!
Республиканский учебно-оздоровительный центр (РУОЦ) «Балдаурен» создан по поручению Главы государства Н.А.Назарбаева по аналогу Международного детского центра «Артек».
ДОЛ "Бельбулак" находится в Алматинской области в предгорье Заилийского Алатау на терриртории Национального парка.
Расположение: 65 км от г. Алматы, в одном из красивейших ущелий области "Тургень", 2 км не доезжая до Фореливого хозяйства.
Уникальностью своего расположения и красотой природного вечнозеленого ландшафта, Детский оздоровительный центр «Простор» ежегодно притягивает ребят со всех уголков республики.
детский оздоровительный центр «Континент» находится на территории курорта Боровое, на берегу озера Катарколь, в 230 км. от города Астана.