Бүгін – елімізде өтіп жатқан, халқымыздың мерейін тасытқан, тура 3 айға созылған «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің соңғы күні. Жұмыр жерден ағылған адамзат баласының Еуразияның кіндік тұсында, яғни, Астана шаһарында басын қосқан айтулы шара бүгін кешкі сағат 22:00-де салтанатты түрде жабылады деп күтілуде.
«EXPO-2017» халықаралық көрмесінің жабылу салтанатына біздің мұнайлы өңірден аттанған жерлестеріміз де қатысып жатыр.
Әсіресе, «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігінен директордың орынбасары Рауан Сәбитұлы бастаған әріптестеріміз Нәсіп Шалабаева, Гүлжан Елешева, Баян Жанұзақова және фотограф Ерлан Алтыбаевтар кешеден бері үздіксіз ақпарат таратуда.
Осы шағын хабарымызда атыраулықтардың назарына тәжірибелі фотограф Ерлан АЛТЫБАЕВТЫҢ «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің соңғы күніндегі фоторепортажын ұсынамыз.
Олай болса, мерейімізді тасытқан көрменің кейбір тұстарына тағы да бір куә болайық, ағайын!
Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ
Источник: atr.kz
Ұнайды 4