Зейнолла кесенесі
Мәдени мұра
0 / 0 пікір
Ақмола облысы
Сипаттама

Ұзындығы 60 шақырым, ені 30 шақырым аумақты алып жатқан Шілікті жазығы – тарихи оқиғаларға бай өлке.

Тек ХХ ғасырдың басында бұл өлкені алты жұмықтың қожан, бұрымбет балалары жайлап, бұрымбет руын Зейнолла Бұтабайұлы басқарса, қожан елінің биі болып Қоңыр Мәжитұлы ел биледі.

Өлке экспедиция жасаған NDH портал қызметкері аталған екі тарихи тұлғаның басына барып, құран оқып, ондағы жаңа деректер туралы сұрастырып білді. Шілікті ауылынан не-бары 5 шақырым қашықтықтағы Жалшидың жанында Зейнолла кесенесі тұр.

Мұнда бізді Шілікті ауылының байырғы тұрғындары Жәлел ақсақал мен Саяш мырза бастап барды. Жалши десе дегендей, қалың ши өскен және сол шидің түбірі қатты әрі шоғырлы, кей тұсы көлік өтетіндей ашық болып шықты.

Ши адам бойынан да асып жатыр, тіпті аттылы адамның бойын жасыратын да тұстары жоқ емес. Қанша жалды әрі биік болғанымен, қызыл шырайымен көзге түсетін Зейнолла мазары алыстан менмұндалап тұрды.

Зейнолла мазарын атақты сәулетші Баязит Сәтбайұлы салған.

Салғанын әйгілегендей, жоғарғы маңдайшасына өзінің есімін айшықтап тұрып жаздырған да екен. Мұның себебін тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен Саяш Нәсіретов аға, біріншіден, халық «Жәжең» деп атап кеткен Зейнолланы онсыз да ел-жұрты таниды деп білсе, екіншіден, сәулетші Сәтбаев аздаған қулық жасаған болуы мүмкін екендігімен түсіндірді.

Авторы: Заңғар КӘРІМХАН

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4 / 0 пікір
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.