«Хан-Шатыр» ойын-сауық және сауда-саттық орталығы
Мәдени мұра
5 / 1 отзыв
Ақмола облысы,
51.1314, 71.4107
Сипаттама

«Хан Шатыр» - Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы (Астананың жаңа символы) 2010 жылы 6-шілдеде Астана күніне орай ашылған.

Хан Шатыр, әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры болып, және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. Хан Шатыр ОССО – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады.

Лорд Норман Фостердің қия­лынан шыққан сәулет ға­жайыбы – “Хан Шатыр” сауда және ойын-сауық орталығының ғи­ма­раты Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архи­тек­ту­ра­лық жоба болып табылады. Тұ­ғыр­лы монолиттік сом құймалардан тұрғызылған бұл кешеннің биіктігі 200 метрді құрайды. Оның негізгі қаң­қасы фторполимермен қап­талған ұсақ торлы алып шатырдан тұрады. Қаптауға пайдаланылған фторполимер ETFE – жарықты молынан өткізіп, ғимараттың ішін ыстық пен суықтан қорғайтын ғажап құрылыс материалы болып табылады. Нысан негізінен берік те тұрақты монолиттік металл қондырғыларынан тұрады. Металл қондырғылардың жалпы салмағы 2300 тонна, ал тұтас тұғырға қондырылатын шатырдың биіктігі 150 метр. Бұл алып құрылыстың ішінде пайдаланылған арнайы жапқыштар мен орнатылған желдеткіш қондырғылар арқаның құбылмалы ауа райы кезінде кешендегі ауаның температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Құрылыс нысанының металл қаңқасы – 2300 тонна, шатырдың биіктігі – 150 метр.

“Хан Шатырдың” ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орта­лық­тары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін биіктігі 7 және 4 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған.

Ғимараттың сәулетшісі, сәулет өнерінің шебері - Норман Фостер.

Бас мердігер Түркияның Сембол Констракшн (Sembol Constractoin) құрылыс серіктестігі.

Ресми сайт: www.khanshatyr.com

Пікірлер
5 / 1 отзыв
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4 / 0 пікір
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.