Баба Түкті Шашты Әзіз әулие кесенесі
Мәдени мұра
0 / 0 пікір
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сипаттама

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынғаны белгілі. Елбасы «Жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналуы керек. Жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек», - деген болатын.

Жақында ҚР Ұлттық музейі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасының 100 нысанының тізімін ұсынды. Осы тізімге енген киелі орындардың бірі – мазарына мыңдаған адамдар ағылатын Созақ ауданына қарасты Құмкент ауылы, Жылыбұлақ жерінде орналасқан Баба Түкті Шашты Әзіз әулие кесенесі туралы аз-кем мағлұмат ұсынғымыз келеді.

Баба Түкті Шашты Әзіз халықтың қиялынан туған аңыз-әпсана кейіпкері ме, әлде өмірде шынымен болған адам ба? Аңыздар мен деректер не дейді, алдымен соларға тоқталайық.

Серікбол Қондыбаевтың «Маңғыстау мен Үстірттің әулиелі орындары» атты кітабында «Үштаған аймағы Маңғыстау облысының географиялық тұрғыдан орта тұсын алып жатыр, ал нақтыласақ, Үштаған дегеніміз – Маңғыстау түбегінің Үстіртке ұласар ойлы, құмақты тұсы осы Үштаған. Шетпеден оңтүстік-шығыс бағытта созылып жатқан тас жол 70 шақырымнан соң Үштаған ауылына алып келеді. Оның күнгейінде үлкен Бостан құмы басталып, ол да оңтүстік-шығыс бағытқа созылып жатыр. Үштаған өңіріндегі Жабағылы Саз ауылынан шығысқа қарай 3-4 м жүргенде, тұмсығы батысқа қарап тұрған құм жалдың бойындағы киелі орын ол «Шашты Әзіз» деп аталады, ал одан 1,5 км жердегі жалаттың үстінде «Баба Түкті» әулиенің  мекені бар» деген дерек кездеседі.

Серікбол Қондыбаев осы кітабында Баба Түкті Шашты Әзіздің көпке танымал басқа бір зираты Қаратаудың солтүстік-шығыс жағында, бүгінгі Оңтүстік Қазақстан облысының Шолаққорған ауданында орналасқан, Қызылкөлдің жағасында, бұрынғы Құмкент қаласының оңтүстігіне қарай 1 км жерде орналасқан деген деректер келтіреді. Автор: «Осы бір есімді екі әулиенің арасында қандай байланыс болуы мүмкін деген сауалға 14 ғасырда Түркістан өңірінен Арал-Каспий өңіріне сопы уағызшылары әкелген «әулиелер экспорты» болды деген пайымға ден қояр болсақ жауап беріп көруге болады.

Ресми тарихнама бұрынғы қожалардың қаламынан шыққан мұсылмандық шежіреден ауытқып кете алмаған. Ол бойынша Баба Бүкті Шашты Әзіз 8-ғасырда өмір сүрген кісі, ол Меккеде патша болған. Бір деректе оның шын аты – Баба Түклас, ал әкесінің аты Керемет Әзіз болса, екінші бір аңызда ол Ахмет Йассауидің арғы ата-бабасының бірі, үшінші бір аңызда ол Еділ-Жайыққа дейін келген кісі, одан Құтлыбек , ал Құтлыбектен әйгілі Едіге туған. Энциклопедияның деректері осындай. Ал, Мұрын жыраудың «қырық батыр» жырларында Баба Түкті образының кездесуі, оның Парпария, Едіге сияқты эпостық батырларға ата-баба болуы және тарихи Едіге мен тарихи ноғайлардың ортасының Маңғыстауға да қатысты болуын ескеріп осы үштағандық «Баба Түкті Шашты Әзіз» ноғайлы дәуірінде Маңғыстаудағы танымал киелі нысан болған деудің реті бар»,- деп жазады.  

Тағы бір аңызға жүгінсек, Баба түкті жас кезінде Жылыбұлаққа шомылып жүрген үш қызыды көрген деседі, олар су перісінің қыздары екен. Баба түкті олардың киімдерін жасырып қояды, сөйтіп үш қыздың біреуін әйел болуға көндіреді. Қыз күйеуге шығар алдында үш шарт қояды. Бірінші – аяқ киімін шешкен кезде қарамау, екінші – шашы мен тырнағына қарамау, үшінші – қолтығына қарамау. Жігіт бір күні шарты бұзады, қыз аққуға айналып ұшып кетеді, артынан іште қалған баланы әкеліп тастап кетеді. Бұл бала кейін Едіге деген атпен белгілі болған.   

Тағы бір дерекке назар салсақ, «Қыз Жібек» жырында Төлеген Ақ Жайыққа аттанарда анасы жалғызын жаратқанға, онан соң осы Шашты Әзіз әулиеге тапсырған деседі. Сөйтіп, Баба Түкті Шашты Әзіз әулие халық жадында ел қорғаған батырлардың демеушісі, қиналған-қысылған шақта сүйеніші, баласы жоқтарға бала сұрап әперуші, жарылқаушы, ақ тілеулі аналардың жалбарынғанда медет қылар пірі ретінде танымал.

Енді бір деректерде ол Қожа Ахмет Иассауидің арғы бабалары, ислам діні Орта Азияға тарай бастағанда өмір сүрген кісі, Қорқыттың замандасы, (VIII—XI ғ.ғ.), үшінші мәлімет бойынша Баба Тукластың баласы Еділ-Жайыққа дейін келген, оның Құтлыбек деген ұлынан Едіге батыр туған. Баба Түкті Шашты Әзіз мұсылмандар арасында әулие саналған. Ертеде Меккеге қажыға барушылар ең алдымен Мұхаммедтің, онан соң Әлем-Мұзтазы — Сейіттің, содан соң осы Шашты Әзіздің қабіріне барып тауап ететін болған» делінеді (2-т. 6-бет). Шоқан жазбаларында ол Баба Құмар (бір жерлерде Омар, Ғұмар) деген әулиенің баласы. Құмардың көзі бір сұлуға түскен екен. Ол содан ғайыптан жүкті болып қалып, осы бала туады. Баланың үсті-басын түк басқан, ерекше жан болып туылғаннан кейін оны еріксіз Баба Түкті Шашты Әзіз деп кеткен деген деректер кездеседі.

«Қажыға барған казақтар» атты кітапта («Ана тілі» баспасы, 1996 ж.): «Қожа Ахмет Иассауидің әкесі Баба Түкті Шашты Әзіз…» деп жазылған. Бізге мәлім шежіреде және ең соңғы табылған «Несәб-неме» атты еңбекте Баба Түкті Шашты Әзізге қожалар әулетінің ешқайсысынан орын берілмегені айтылады.

Энциклопедияда берілген мәліметтерге сенсек, Баба түкті Шашты Әзіздің есемі «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Шора батыр» жырларында жиі кездеседі. Келесі бір тарихи деректерде Баба түкті Шашты Әзіздің есімі Орта Азия, Қазақстан жеріне Ислам дінін таратушы, уағыздаушы болып саналатын Ысқақ бабтың замандасы, үзенгілес серігі ретінде жиі айтылады.

Баба Түкті Шашты Әзіз бабаның мазары Созақ ауданына қарасты Құмкент ауылы, Жылыбұлақ жерінде. Қазақ халқы үшін құнды саналатын, киелі, тарихи орындардың бірі. Кейбір деректерге сенсек, Күш атасы Қажымұқан атамыз додаға түскенде: - «Уа аруақ, Баба түкті Шашты Әзіздің рухы қолдай гөр»-деп сыйынған екен.

Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі күйдірілген кірпіштен қаланған. Қабырғалары сыланып, әктелген. Үйдің ортасына кірпіштен қаланған құлпытас орнатылған.

Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесіне еліміздің түкпір-түкпірінен зиярат етіп барушылардың қарасы еш үзілмеген. Әулиенің басына барушылар сырқатына ем іздесе, енді біреулер үлкен намысты додаларға аттанарда дұға етуге, перзент сүйе алмай жүрген қыз-келіншектер баба рухына дұға жасап, Алладан бала сұрауға барады. Мазардың жанында  бұлақтан мөлдіреп су ағып тұр. Жанында шағын көлшік бар. Ниеттеніп келушілер бұлақтың су ішіп, көлшікке жуынып, дертіне ем сұрайды.

Автор: Асыл Айдар

Источник: el.kz

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4 / 0 пікір
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.