Құлжабасы петроглифтері
Табиғат мұралары ескерткіштері
0 / 1 отзыв
Алматы облысы
Сипаттама
Құлжабасыдағы қола дәуірінің петроглифтері ерекше репертуармен және бейнелеу стилімен өзгешеленеді. Мұнда негізінен бұқа бейнелері салынып, сол жақ бөлігі қатар-қатар сызықтармен немесе торкөзбен сәнделген. Төрт дөңгелекті арбаға жегілген бұқалар мен түйелерді жетелеген адамдар бейнелері берілген. Антропоморфтық пішіндер қола дәуіріндегі Қаратау, Бұқантау (Қызылқұм) таулары мен Заравшан алабындағы петроглифтерге тән өзіндік мәнерге ие болған. Құлжабасы бейнелерінің ішінде Таңбалының көне петроглифтеріне ұқсас сирек кездесетін петроглифтер сериясы кездеседі. Мұнда Таңбалы тастарындағы суреттерге мәнері жағынан жақын аң бетперделі садақшылар, «күн басты» адамдар, жануарлар бейнелері бар. Мұның бәрі қола дәуірінің б. з. д. II мыңжылдығының екінші жартысында Шу-Іле таулар зонасының оңтүстік бөлігінде осындай бейнелеу дәстүрі қалыптасқандығын білдіреді. Мүмкін, Құлжабасының ерте дәуіріндегі жартастық суреттері Таңбалы суреттерінің тамаша галереясы дүниеге келуімен аяқталған бұл мәдени үдерістің бастапқы кезеңдерінің бірін көрсетіп тұрған шығар.
Күнтізбелік уақыты б. з. д. XIII ғ. белгіленген қорымдардың қазба жұмыстары нәтижесінде жерлеу рәсімдері мен бұл аймақ мекендеушілерінің материалдық мәдениетінің ұқсастығы анықталды, әдетте мәйіттерді өртеп жіберетін, ал қалдықтарын мыс әшекейлер мен өрнектелмеген саз балшықты ыдыстармен бірге тасты қораптарға немесе цисталарға салатын. Мәйіттің жатқан күйі сирек кездеседі және онымен бірге салынған ыдыстың сұлбасы аса күрделілігімен айрықша. Бұл ерекшеліктері Құлжабасы қола дәуірінің зерттелген қорымдарын, жалпы, Шу-Іле тауларының және Жетісудың басқа ескерткіштерімен (Таңбалы, Ой-Жайлау, Қожа-бала) жақындатады. Құлжабасыдағы кейінгі қола дәуірінің петроглифтері б. з. д. II мыңжылдықтың аяғында Шу-Іле тауларының оңтүстік беткейі мен Тянь-Шань тау етегін толық игеріп алған халықтың көп құрамды болғанын көрсетеді және Құлжабасы жартастық суреттері әр түрлі стильде болуымен сипатталады. Бұл кезеңдегі жартастық өнердің өзіне тән үлкен ерекшелігі нақты заттардың – қола дәуірінің соңғы кезіндегі Қазақстан және одан сырт елдердің жерлеу орындарынан табылған ұқсас табылымдармен салыстыруға келетін пышақ, айна, әйелдік әшекейлердің дүниеге келуімен байланысты болды.
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Табиғат мұралары ескерткіштері
Жетісудың ең көне ескерткіштерінің бірі.
0 / 0 пікір
Табиғат мұралары ескерткіштері
Қазақстан, әрі Орта Азиядағы Әлемдік мұра тізіміне бірінші болып енген табиғи нысан.
0 / 0 пікір
Табиғат мұралары ескерткіштері
Ұлытау - Сарыарқаның оңтүстік-батысындағы аласа таулы массив.
0 / 0 пікір
Табиғат мұралары ескерткіштері
Іле Алатауының әсем ландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған.
0 / 0 пікір
Табиғат мұралары ескерткіштері
Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ.
0 / 0 пікір
Табиғат мұралары ескерткіштері
Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық.