Арпаөзен петроглифтері
Табиғат мұралары ескерткіштері
0 / 1 отзыв
Оңтүстік Қазақстан облысы,
42.888, 69.9805
Сипаттама

Арпаөзен таңбалы тастары немесе Арпаөзен петроглифтері – қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер.

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Абай қыстағының оңтүстік-батысында 7 км жерде, Қаратаудың Келіншектау деген жотасында орналасқан.

Қазақстан ғылым академиясының археологогия экспедициясы зерттеген. Суреттердің жалпы саны 3,5 мың. Негізгі сюжеттері аңшылыққа, жаугершілік тақырыпқа және жан-жануарлар тіршілігіне арналған. Қос аяқты ат, өгіз және түйе жеккен соғыс және шаруашылық арбалары кездеседі. Жартасқа салынған қос атты жауынгерлік арбалар белгілі бір этн. топтардың, дәлірек айтқанда, үндіарийлықтардың мифтік және діни әдет-ғұрыптарының біршама әсер еткендігін және миграциялық қозғалыстың бағыттары осы аумақ арқылы өткендігін дәлелдейді.

Сақ заманының петроглифтерінде жабайы аңдардың, жануарлардың бір-бірімен айқасқан қимылдары арқылы заманның шым-шытырық оқиғаларын зооморфтық ерекше кодтар арқылы көрсеткен. Жартастағы суреттерде жыл мезгілдерінің ауысуы сияқты табиғи құбылыстар айқын аңғарылады. Мұндай көріністер металдан, ағаштан, теріден жасалған күнделікті тұрмысқа қажетті заттарға да салынған. Ескерткіш біздің замаңыздан бұрын 1–2-мыңжылдыққа жатады.

Пікірлер
0 / 1 отзыв
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Табиғат мұралары ескерткіштері

Жетісудың ең көне ескерткіштерінің бірі.

0 / 0 пікір
Табиғат мұралары ескерткіштері

Қазақстан, әрі Орта Азиядағы Әлемдік мұра тізіміне бірінші болып енген табиғи нысан.

0 / 0 пікір
Табиғат мұралары ескерткіштері

Ұлытау - Сарыарқаның оңтүстік-батысындағы аласа таулы массив.

0 / 0 пікір
Табиғат мұралары ескерткіштері

Іле Алатауының әсем ландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған.

0 / 0 пікір
Табиғат мұралары ескерткіштері

Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ.

0 / 0 пікір
Табиғат мұралары ескерткіштері

Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық.