Сауысқандық петроглифтері – тарихи ақпарат, адамзат ақыл-ойының жемісі. Осындай тамаша табиғатты, жартастарында ежелгі адамдардан қалған қолтаңбасы бар тарихи орындарды сақтап, туристік бағытта саяхат жасауға жағдай тудырсақ. Біріншіден, тарихқа құрмет. Екіншіден, ұрпаққа өнеге. Үшіншіден, табыс көзіне айналар еді.
Сауысқандықтағы қолтаңбалар – ежелден осы жерде тіршілік етіп, қоныстанған бағзы заман тайпаларының адамдары қашап салған дерек көз, қалпын бұзбаған ақпаратты тастар – осы аймақты мекендеген бүгінгі ұрпақтың есте жоқ ескі замандағы арғы аталары. Жергілікті тұрғындар, қазіргі ұрпақ та арғы аталарындай түйе, жылқы, қой бағып, аңшылықпен айналысып келеді.
Әлкей Марғұлан атамыз: «Тасқашау өнерінің дәстүрлері неолит заманынан басталады. Қола дәуіріне адам тас өңдеудің мыңжылдық тәжірибесімен келді», – деген ғылыми тұжырым айтады. Тасқашау өнері – неолит заманында, тас дәуірінде басталып, қола дәуірінде жетіліп, түркі қағанаты кезінде биік деңгейге жетіп, бүгінгі ғылым технологияның дамығанына қарамай әлі күнге атадан балаға жалғасып, үзілмей келе жатқан қолөнердің тарихы терең үлкен бір саласы. Тек, біз тас қашаушы өнер иелерін – о дүниелік болған жақындарымызға көктас, белгі қояр кезде іздейміз…
Сауысқандық жартастарындағы байырғы тайпалардың дүниетанымы мен діни сенімдерінің ізі – жан-жануарлар культі исламға дейінгі көне діндермен, Ежелгі Шығыс халықтарының арасында кең таралған табиғат мінажатымен, әртүрлі билеуші тылсым күштермен байланысты дамығандығының айғағы. Сауысқандықтағы антроморфтық бейнелер адам мен табиғаттың арасындағы байланысты айғақтайды. Мадияр Елеуов, Зейнолла Самашев, Сағымбай Мұрғабаевтың бірлескен зерттеу жұмысы «Сауысқандық петроглифтері» атты монографиялық еңбекте баяндалды.
Жетісудың ең көне ескерткіштерінің бірі.
Қазақстан, әрі Орта Азиядағы Әлемдік мұра тізіміне бірінші болып енген табиғи нысан.
Ұлытау - Сарыарқаның оңтүстік-батысындағы аласа таулы массив.
Іле Алатауының әсем ландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған.
Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ.
Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық.