41.9491, 70.0569
Сайрам-өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Оңтүстік Қазақстан облысының жерінде орналасқан. 2006 жылы ұйымдастырылған. Оған Түлкібас, Төле би және Қазығұрт аудандарының табиғаты ең көрікті жерлері енеді. Жер аумағы 149 мың га. Саябақты ұйымдастырудағы басты мақсат – Батыс Тянь-Шань тау жоталарындағы ғылыми тұрғыдан құнды табиғат байлықтарын қорғап қалу, қалпына келтіру және республикадағы экологиялық туризмді дамыту. Саябақ орманды дала биігінен биік таулы алқапқа дейінгі 7 табиғи белдемді қамтиды. Табиғат қорғау жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты жеке 3 аймаққа (қорықтық, туристік және шектеулі шаруашылық жұмыстары жүргізілетін) бөлінген. Саябақтың аумағы солтүстіктен оңтүстік бағыт бойынша 135 км-ге созылып жатыр. Саябақ жануарлар әлеміне де бай. Құстардың 300-ге жуық, сүтқоректілердің 60-тан астам түрі мекендейді. Өте сирек кездесетін жануардың бірі – көк суыр (қысқаша Мензбир суыры). Сондай-ақ арқар, жабайы шошқа, қоңыр аю, т.б. жануарлар да кездеседі. Саябақта тұрақты түрде “Табиғат жылнамасы” жүргізіліп отырады.
Өсімдік әлемі
Мұнда өсімдіктердің 1635 түрі кездеседі, оның 35-і эндемиктер. Олардың ішінде 62 түрі Қазақстанның Қызыл кітабіне енгізілген, саңырауқұлақтардың 3 түрі, мүктердің 25 түрі кездеседі. Ғылыми құндылығы ерекше саналатын аршалы орман алқабы бар. Мұндағы ірі аршалардың кейбіреуі 700 жылдан бері өсіп тұрғандығы анықталған. Аршаның 3 түрі (балғын арша, Зеравшан аршасы және сауыр арша) өседі. Шатқалды бойлай, тастақ арналар бойымен Біркөлік бұлағы ағып жатыр, оның мөлдіреген салқын суы шатқалдың жасыл желегіне көрік беріп, ауасын тазартып тұрады. Саябақтағы таудың жасылы, долананың, бөріқарақаттың, итмұрынның, өріктер мен алмалардың ну бұталары, қылқанды ағаштардың молдығы, жайқалған жаңғақ ағаштары мен дәрілік өсімдіктердің аңқыған иісі ауаны фитонцидтармен толтырады.
Жануарлар әлемі
Омыртқасыз жануарлардың 349 түрі және омыртқалы жануарлардан: жорғалаушылардың 12 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, сүткоректілердің 59 түрі, құстардың 300 түрі мекен етеді.
Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ
Қазақстанның ең жас, аса қорғалған табиғи территориясы.
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Қаратау жотасының орталық бөлігінде, Кентау қаласынан 17 км жерде орналасқан мемлекеттік қорық.
Іле Алатауының әсем ландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған.
Қазақтың Сарыарқа даласының құрамына кірген Бурабайдың жер бедері орташа таулы алқапты болып келеді.
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының аумағында 2001 жылы ұйымдастырылған саябақ.