Aray Deluxe Сарыағаш шипажайы
Шипажайлар
0 / 0 пікір
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сипаттама

Aray Deluxe Сарыағаш шипажайы – люкс дәрежедегі сауықтыру кешенінде демалысыңыз бен әсерлі емдік процедураларыңызды өткізуге мүмкіндік сыйлайды.

Сарыағаш минералды суы табиғи, азотты, азминералданған акротермалды, азсілітленген минаралды суға жатады. Оның құрамында адамға өмірлік қажеттілігі бар 30-дан астам микроэлементтер кездеседі. Сарығаш минералды суының ерекшелігі оның құрамы мен жастығында. Минералды су азминералданған және құрамында гидрокарбонат (НСО3) бар. Су қан құрамындағы карбонат жетіспеушілігін қалпына келтіріп, қанның сілтілік қоспасын арттырып, сауықтыру әсерін береді. Сонымен қатар минералды су құрамында өз әсерімен организмдегі қант құрамын азайтуға көмек көрсететін ванадий бар. Асқазан түсіп асқазан суларына әсер етіп асқазанның секроторлық жұмысын жақсартады.

Шипажай аумағында еуропалық стандарттарға сай 43 жайлы бөлмелер орналасқан: Royal Suite, Deluxe, Premium Luxe, Premium, сонымен қатар Premium Econom.

Кешен қонақтарына емдік негізде келесі қызметтер ұсынылады:

- Минералды су негізінде ванна қабылдау: скипидар, панта, пихта, йодбромды, магнийлі, қош-иісті, джакузи, тұзды және т.б
- Гинекологиялық қызметтер, емдік тампондар. Урологиялық бөлме.
- Асқазанды тазалау, тюбажды және дуоденальды зондтау.
- Емдік шөппен мкироклизмалар.
- Ішек жолдарын құралдармен колоногидротерапия.
- Андро-гин, Мавит компьютерлік лазерді кешендермен емдеу.

Физиотерапия: лазеротерапия, магнитотерапия, қанды ішкі лазерлі шуақтау, ультрадыбыстық терапия, сыртқы аппараттық мезотерапия, толқындық емдеу, фототерапия, аппаратты лимфодренаж, электрофорез, биоптрон, СМТ, Дарсонваль, оксигенотерапия, парафиноозекериттік аппликация, фитотерапия, ауа коктейлі, шөпті ингаляция. Медикаментозды емдеу (инъекция, капельница).

Сонымен қатар, құрамында түрік хамамы, финдік саунасы, пилингтің және массаждың көптеген түрлері, ароматерапия, косметолог қызметі, екі бассейн (ашық және жабық), фитнес орталық және тренажер залы бар SPA-орталық орналасқан.

Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарыағаш ауданы, Көктерек елдімекені
Тел: 8 (72537) 5-17-17, +7 (771) 026-01-00, 8 (72537) 5-15-36
Сайт: araydeluxe.kz

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Шипажайлар

В стоимость путевки: 4-х разовое питание, проживание по перечню лечебных процедур, входящих в стоимость путевки, бассейн и аквапарк до 14:00, тренажерный зал один час в день.

0 / 0 пікір
Шипажайлар

0 / 0 пікір
Шипажайлар

5-звездочный санаторий Алматы после полной реконструкции вновь открылся в 2014 году.

0 / 0 пікір
Шипажайлар

Жер жаннаты Жетісудағы «Ақ бұлақ» шипажайы Алматы қаласынан 15 км жерде Талғар ауданының Алатау бөктеріндегі Шымбұлақ шатқалында орналасқан.

0 / 0 пікір
Шипажайлар

Профилакторий "Каркаралы" находится в г. Каркаралинске, 200 километров от г. Караганды, рядом с горным отелем Тас булак, который на сегодняшний день является одним из самых посещаемых в Казахстане.

0 / 0 пікір
Шипажайлар

Дом отдыха-санаторий «Березняки» расположен в экологически чистом районе карагандинской области в одноименном поселке Березняки.