43.8098, 52.4405
Маңғыстау облысы Атырау облысымен және Түркіменстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы және Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдерімен шектеседі. Облыс 1973 жылы 20 наурызда құрылды. 1988 жылдың 2 маусымында таратылып 1990 жылдың 17 тамызында тарихи "Маңғыстау" деген атпен қайта облыс болып құрылды. Облыс орталығы - Ақтау қаласы.
Қазақстанның теңізбен байланыстыратын жалғыз су бекеті Ақтау халықаралық теңіз сауда порты бар. Маңғыстау жерінің тумасы жазушы Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстауды "Ұйқыдағы аруға" теңеген. Сонымен қатар ғарыштан түсірілген сурттерде Маңғыстау түбегінің контуры жас келіншектің профиліне ұқсайды.
Географиясы
Маңғыстау өңірі – Қазақстанның оңтүстік -батыс бөлігінде орналасқан. Облыстың батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстан, солтүстігі мен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектеседі.
Облыстың шеткі нүктелері:
Батыс - Каспий теңізіндегі Құлалы аралы ш.б.
Шығыс Қазақстанның Ақтөбе облысы және Өзбекстан, Маңғыстаудың шектескен жерінде
Оңтүстік - Түркіменстан шекарасындағы Қапыланқыр шыңдарының жар қабағы
Солтүстік - Атырау облысымен шкарадағы Желтау болып табылады.
Маңғыстау облысының ең биік нүктесі - Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы (). Ең төменгі нүктесі Қарақия немесе Батыр ойысының түбі, Бұл ойыс өзінің тереңдігі жөнінен дүниежүзінде бесінші орын алады.
Өсімдік жамылғысы
Маңғыстау өлкесінің дүниесін зерттеу жұмыстары ерте кезден басталып, 150 жыл бұрын ботаник және әуесқой табиғат зерттеушілері: А. Шренк, И.Борщов, П. Семенов-Тянь-Шаньский, И. Северцов, Эйхвальдтардың еңбектері арқылы ғылымға белгілі бола бастады. Оның ішінде 1825-26 ж.ж. жарық көрген Эйхвальдтың – Каспий теңізінің Маңғыстаудан Шағадамға дейінгі жағалауындағы өсімдіктер дүниесі туралы еңбегі айрықша маңызды. Г.С. Карелин 1832 ж. Каспий теңізінің терістік шығысынан қамал салу үшін қолайлы орын іздей жүріп, Маңғыстаудың өсімдіктер дүниесі жөнінде құнды пікірлер қалдырды. И.Г. Борщовтың 1965 ж. жарық көрген «Арал-Каспий аймағының ботаникалық географиясына материалдар» атты еңбегінде Маңғыстау жарты аралының өсімдіктер дүниесі жөнінде көптеген ескертпелер жасалды. Маңғыстау жерін зерттеген атақты геологтар Барбот де Марин, Баярунас, Андрусов, Алексейчиктердің еңбектерінен де бұл аймақтың өсімдіктердүниесі туралы көптеген мағлұматтар алуға болады. Маңғыстаудың құмды аймақтары мен Үстірт жонындағы түйелер де, сондай-ақ, Сам, Матай құмадарында: сексеуіл, жүзген, жыңғыл, қоянсүйек, ақшаотау, шағыр, құсқанбас, Орталық Үстірт жонының шығыс, терістік шығыс бөлігінде баялыш; тау бойы мен Түпқараған аймағында және Оңтүстік Маңғыстау жазығының ойпаң тұстарында қарағаш, қаттықара, қараған, түйесіңір өседі. Сонымен қатар, жердің бедері мен құрылымына, топырағының ащы, тұщылығына қарай теріскен, күйреуік, жантақ; құм жағаларында – сүттіген, Бозашы түбегінің теңіз жағалауында сораң мен садақ, Оңтүстік Маңғыстау жазығының үштен екі бөлігінде тітір шөбі өседі. Итсигекпен адыраспан,құрқашаш пен сүттіген көбіне елді мекенде немесе мал көп жайлаған тұяқкесті жерлерде кездеседі. Маңғыстаудағы жайылымның негізін құрайтын басты мал азығы – жусан. Жусан аймақтың барлық жерінде өседі. Жусаннан кейінгі төрт түлік мал талғамай жейтін шөп – күйреуік. Қоныссыз жылдары күйреуік жақсы шықса, малшы қауым жусанды көп іздемей,қанағат тұтады. Ал бұйрығынды көктемей тұрғанда, не шала көктеу кезінде, содан кейін күз, қыс қарсаңында жақсы пайдаланылады. Сондай-ақ,изен, жапақ, тітір,жантақ барлық жерде біркелкі кездесе бермейді, бірақ төртеуінің де малға жұғымдылығы, қоректік сапасы өте жоғары. Маңғыстауда тұрақты қоныс бола бермейді. Қысы қарлы, көктемі желсізжылы,жазы жаңбырлы болған жылдары шөптің қай түрі де: қызғалдық, сарғалдақ, раң, мортық, сіргеқара, беде, мысыққұйрық, аққайың, жауылша, қазтабан, шытыр, қоңырбас, сіңбірік, қоянжын; таулы жерлерде: киікоты, ерқұны, қына, түйежапырақ, қызылша; ащылы жерлерде: көкпек, домалатпа, түйеқарын, алабұта, кекіре, торғайот,балықкөз т.б. қаптап шығып,дала құлпырып кетеді. Бірақ, бұл сирек, 7-10 жылда бір кездесетін өзгермелі құбылыс. Көктемгі төл шөптердің ішінде шаруашылық үшін ең пайдалысы – мортық. Мортық қонысты жылдары Маңғыстаудың көптеген жерлерінде шығады. Көктемде бас жарғанға дейін мал жақсы жейді. Кей жылдары мортықты мал азығы үшін де дайындайды.
Жануарлар дүниесі
Маңғыстау өңірінің миллиондаған жылдармен өлшенетін тарихы, соған сәйкес, сан алуан табиғат жаратылыстары мен жануарлар дүниесінің болғаны белгілі. Қазіргі кезеңде Маңғыстаудың қай түпкірінен болса да тіршіліктің маусымдық ерекшеліктеріне байланысты:хайуанаттардың, бауырымен жорғалаушылардың, сүтқоректілердің, кемірушілердің, жыртқыш аңдар мен құстардың шөл далаға тән өкілдерін кездестіруге болады. Олардың ішінде: кірпі, дала тасбақалары, кесірткелер, жыланбас пен улы қарашұбар жылан, оқ жылан, су жылан, құм жылан, сарыүйек, ешкіемерден бастап, дала тышқандары: қосаяқ, сарышұнақ, күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр т.б. жиі кездеседі. Ал, мәлін, борсық, қарақұлақ өте сирек, оларды шалғайдағы қалыңдықтар мен мемлекеттік корықтардан ғана кездестіруге болады. Сондай-ақ, көктем шыға келетін кішкентай көк және сары шымшықтар мен күзгі салқындықтың хабаршысы суықторғайдан бастап, дала құстарының үйреншікті түрлері: қарға, бозторғай, қараторғай, қарабауыр, шыл, жек, қарлығаш, көкек пен кептер, жыртқыш құстар: қаршыға мен әр түрлі қарақұстар, дала бүркіттері кездессе, теңіз жағалауы мен аралдарда: қасқалдақ, шағала, үйрек, торалақаз, қоқиқаз, аққу сияқты су құстары мекен етеді. Ақтау қаласы маңындағы Қаракөл заказнигінде жоғарыда аталған су құстарынынң бірсыпырасын кездестіруге болады. Сонымен қатар, Бозашы, Ембі заказнигі мен Үстірт-Қарамая, Кендірлі қорығының таулы, шыңды жерлерінде – арқар; Жазық, Жайылма коңырлықтарында қарақұйрықтар мекен етеді. Бозашы түбегінің терістігі мен терістік шығысы, қарағайлы Кент, Тасорпа бетінде, Үстірт жонындағы үлейлерде, Сам, Матай құмы төңірегінде киіктер жиі ұшырасады. Үй жануарларынан жергілікті халықтың өсіретін малдары: кәдімгі қазақтың түсайыр түйесі, Адай тұқымды жылқы, қаракөл қойы, жеке қожалықтарда сиыр, ешкі түліктері. Бұлардың ішінде Адай жылқысы мен қазақтың түсайыр түйесі – ғасырлар бойы түбектің табиғи ерекшелігіне сай қалыптасқан, өміршеңдігі мен экономикалық тиімділігі жоғары тұқымдық қор болып есептеледі. ( Маңғыстау энциклопедиясынан алынған)
Климаты
Маңғыстау облысының климаттық жағдайы өңірдің Еуразия материгінің орталығында, әлемдік теңіз және мұхиттан алыс қашықтықта орналасуына байланысты қалыптасады.
Аймаққа тән сипаттама: жазы өте ыстық, осы ендік бойынша қысы суық; жылдық және тәуліктік температураның күрт ауытқуы; жауын-шашыны аз және жыл мезгілі бойынша тең таралмаған, ауасы қүрғақ; бүлтты аспаннан гөрі, ашық күндері мол. Осының бәрі аймақтың қиыр солтүстігінде және солтүстік-батысында дала, орталығында шөлейт және оңтүстігінде нағыз шөлді өңірлердің қалыптасуына әкеліп соқтырады
Жыл бойы ауа ағымының негізгі үш түрі әсер етеді:
- арктикалық,
- полюстік (немесе қоңыржай белдеулік)
- торпикалық.
Аймақ қоңыржай белдеудің оңтүстік белігінде жатқандықтан, қоңыржай ендік ауасының әсері басымырақ. Аймақтың ауа райына Атлант және Солтүстік Мұзды мұхиттар да әсер етеді. Таулы кедергінің жоқтығынан, ауа ағымдары солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай еркін етеді. Атлант мұхитының теңіздерінен келетін ауа үлкен қашықтықтардан өте отырып, көп ылғалын жоғалтады. Сейте тұра, батыстан атмосфералық жауын-шашынның ең негізгі белігін әкеліп, қысқы температураны жоғарылатады да, жаздғы температураны төмендетеді. Солтүстік Мұзды мүхит аймағында қалыптасатын континенттік арктикалық ауаға қыста да, жазда да төмен температура және аз ылғалдылық тән.
Осындай ауаның келуіне байланысты антициклондық ашық күндер орнайды. Мүндайда қыста аяз, жазда ыстық болады. Арктиканың континенттік ауа массасы аймаққа жылдың мезгіл аралық кезеңінде жиірек өтіп кетуіне байланысты,көктемде тым кеш (бесқонақ), күзде ертерек суық түсу мысалдары ұшырасады.
Каспий теңізінің климатқа әсері шектеулі. Оның әсері жағалауға жақын жерлерде ғана байқалады, атап айтсақ, ауаның ылғалдылығы шамалы артып, қыста температурасы жоғарылайды, ал жазда төмендейді, температураның жылдық және тәуліктік амплитудасы кемиді. Осы жайттардың әсерінен тым қүрғақ континенттік климат қалыптасады. . Атырау қаласында атмосфералық қысымының орташа жылдық мөлшері 1022 мб, қыста 1027 мб, жазда 1012 мб, яғни Қазақстаннан басқа аймақтарына қарағанда жоғары. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдердің жиі қайталанып келетіні байқалады. Қыста Каспийдің суы, іргелес жатқан құмды шөлдермен салыстырғанда, аз ғана суиды.
Осыған байланысты суық ауа ағымының шөлден Каспийгө қарай ауысу тенденциясы қалыптасқан. Аймақта жел қуатының қоры мол, оны шаруашылықта пайдалануға болады. Күшті жел бұл аймаққа тән құбылыс. Каспий теңізінің жағалауы қатты желімен ерекшеленеді, оның жыл сайынғы орташа жылдамдығы 6-7 м/сек, бүл Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш. Мұнымен қоса, жазда жергілікті жел - бриз (күндіз теңізден қүрлыққа қарай, ал түнде, керісінше, құрлықтан теңізге қарай соғады) байқалады.
Жылдың ең суық айы - қаңтар. Қиыр солтүстікте және солтүстік-шығыста қаңтардың орташа айлық температурасы минус 10-15,6° С (Ақтөбе). Маңғыстау облысының оңтүстігінде минус 5,5°С (Аққұдық). Жалпы алғанда, қысы қоңыр салқын, ал аймақтың солтүстігі, сол ендікте жатқан Украинамен және Солтүстік Кавказбен салыстырғанда, біраз суықтау. Солтүстігінде қыс 4,0 - 4,5 айға созылады, ал оңтүстігінде мерзімі қысқа да жұмсақтау. Қар жамылғысының қалыңдығы солтүстігінде 15-20 см, оңтүстігінде 10 см-ден кем, солтүстікке қар мызғымай 3 ай бойы жатса, оңтүстігінде 1,5-2 ай ғана жатады. Кей мезгілде, қысы біршама суық жылдары, аяздың көрсеткіші: Орал қаласында -43°С, Ақтөбеде -34°С, Маңғыстау облысының оңтүстігінде -26°С.
Алқаптың біраз бөлігінің жазы ыстық, құрғақ, күні ашық. Шілде айының (ең ыстық ай) орташа температурасы солтүстігінде (Орал) +22,0°С, оңтүстігінде (Аққұдық) +28,6°С. Кей жылдары ауаның температурасы +47°С-қа дейін (Аққұдық) көтеріледі. Аймаққа үзақ мерзімді аязсыз кезең тән, бұл көрсеткіш 160-215 тәулік аралығында өзгереді. Мол жылу қоры аймақта жылусүйгіш ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру мүмкіндігін туғызады. Бірақ жауын-шашын мөлшері, тым аз, әсіресе Маңғыстау облысының оңтүстігінде оның орташа жылдық мөлшері солтүстігінде (Орал)360 мм, оңтүстігінде (Аққұдық) 150 мм. Өсімдік өсуге қажетті ылғал мөлшері жеткіліксіз, сондықтан мұнда, негізінен,суармалы егістік алқаптары орналасқан. Жазда температураның жоғары болуынан булану да артады. Мұны дақылдардың көпшілігінің вегетациялық даму көзеңіндегі ылғалдылық жиынтығының жетімсіздік көрсеткішінен (1105-2860) байқауға болады.[4]
Тіркелген ең суық күн 1969 жылы 10 акпан -28 градус ыстык 43 градус (14.08.2006) ортага температура 12б2 орташа жылдык жауын шашын 167 мм
Жер бедері
Облыс көлемінің бедері әр түрлі. Солтүстік жартысын Желтау (қырат) (221 м), Мың-суалмас (148 м) және құм алқабы (Қарақұм, Сам және басқалар), көлемді сор (Өліқолтық, Қайдақ, Қаратүлей, Қаракешу және басқа) және Бозашы түбегі орналасқан Каспий жағалауы алып жатыр. Орталық бөлігін Маңғыстау (Ақтау, Қаратау 556 м) таулары, Маңғыстау үстірті жәнеТМД дағы ең терең ойпат (-132 м.) Қарақия ойпаты орналасқан Маңғыстау түбегі алып жатыр. Оңтүстік батысында Кендірлі-Қаясан үстірті орналасқан, оңтүстігінде - Қарынжарық ойпаты. Облыстың шығысын Үстірт шоқысы алып жатыр
Маңғыстау облысына кіретін аудандар:
1. Ақтау
2. Жаңаөзен
3. Бейнеу ауданы
4. Қарақия ауданы
5. Маңғыстау ауданы
6. Мұнайлы ауданы
7. Түпқараған ауданы
Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1939 жылы құрылған. 1961 – 92 жылдары Целиноград облысы болып аталды.
Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан әкімшілік бірлік. Территориясы бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында.
Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі.