Біржан сал мемориалдық кешені
Мәдени мұра
0 / 0 пікір
Ақмола облысы
Сипаттама

Қазақ ақыны, композитор Біржан сал Қожағұлұлы атындағы сәулет-мемориалдық кешені 2012 жылы 14 қыркүйекте ашылды. 

Мемлекеттік маңызы бар тарихи ескерткіш мемлекеттік ескерткіштер тізіміне жазылған. Ескерткіш Ақмола облысы, Степняк қаласының шетіндегі ақын Біржан салдың зиратына қойылған. Монументтен, бюсттен және мемориалдық қабырғадан тұрады. 1-нұсқасы 1950 жылы, 2-нұсқасы 1982 жылы, 3-нұсқасы 1994 жылы жасалған. 1994 жылы Қарағанды қаласындағы суретшілер шеберханасында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Біржан Қожағұлұлы — әйгілі қазақ композиторы, әнші, сал-сері, қазіргі Ақмола облысының, Еңбекшілер ауданында дүниеге келген. Әкесі Тұрлыбайдың тұңғышы, атасы Қожағұл қолында өсіп, тарихта Қожағұлұлы болып қалды. Жастайынан көзге түсіп ауыл арасында «әнші бала» атанып, халық әндерін орындап, өсе келе той-думандарға арнап шақыратын дәрежесіне жеткен Біржан өз жанынан да ән, өлең шығарып, ән орындап ел аралап онерді кәсіптік етеді. Өз замандастары секілді, Біржанда арнаулы өнер, білім мектебінің түлегі емес, халықтық дәстүрмен ән салып, домбыра шертіп, айтыс, тартыс, той, жыр, терме, коштасу т.б. өнер — мәдениетінің ортасында өсіп жетіледі, өнерлі ортада болып, өзіне ұнаған тұлғаларды ұстаз етіп қабылдайды. Біржанның ән орындау, композиторлық, ақындық тұрғысынан орындаушылық өнерін дамытты, ән, өлең шығармашылығы тарапынан кіргізген жаңалықтарымен музыка әдебиетімен өзіне тән орын алды. Біржан әндері өзі өмір кешкен заманның қилы-қырлы қасиетті жайлары мен адамның бас бостандығы, ерекше тұлғалығы, жан-дуниесінің нәзіктігі, пәктігін, махабатты жырлауға арналды. Осы салада едәуір жаңалық әкеліп, ән, айтыс, орындаушылық мәдениетінің шоқтығын көтерген халык композиторы, деп бағалаймыз.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4 / 0 пікір
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.