Михаил Архангель соборы - Орал қаласында 1740-51 жылдары салынған ғимарат. Собордың қасында қоңырау орналасқан 4 қабатты мұнара бар. Ол 1861 ж. тұрғызылған.
Соборды Мәскеуден келген шебер Псков-Новгородтық архит. әді- бімен салған. Қабырғаларына 65 икон орналасқан. Собор 1773- 75 ж. Е.И.Пугачев көтерілісшілерінің бекінісі болды. Көтерілісшілер онда 108 күндей тұрады. Осы кезде ғимарат құрылысы бүліншілікке ұшыраған.
Аңыз бойынша, тұтқынға алынған Е. Пугачевты қалаға әкеліп, оны тар торға отырғызған және Михайло-Архангельск соборының төлесінің қабырғасына бұғаулап қойған. Оны соборға апарған кезде, Пугачев оның күмбездеріне қарап, «Әттең, сені баса алмадым...» деп күрсінген екен.
1833 жылдың күзінде 21-23 қыркүйек аралығында Ескі соборға А.С.Пушкиннің келгені әбден анық. Осыдан басқа, Соборға Крылов И.А., Суворов А.В., Жуковский В.А., Короленко В.Г., Даль В.А. барған.
Патша мұрагерлері болып, Александр Екінші және Николай Екінші ресейлік патшалары ғибадат қылған.
1917 жылғы төңкерістен кейін азаматтық соғыс пен 30-шы жылдардың басында собор бірнеше рет ашылып, жабылған. 1940 жылы Ескі соборда дінге қарсы мұражай ашылған. 1943 жылы Собор діндар адамдарға қайтарылып, 1961 жылға дейін оның ішінде құдайға құлшылық етілген. 1961 жылынан бастап, жергілікті биліктің бұйрығы бойынша собор жабылған, және 1966 жылға дейін бос тұрған. 1966 жылдан 1988 жылға дейін онда облыстық өлкетаун мұражайы орналасқан. Қала басшылары сол уақыт ішінде собордың төбесі мен күмбездерін жөндеген.
1988 жылы Русьты шоқындырудың 1000-жылдығын атап өткен жылы Орал қаласының діндар адамдары соборды православиеліктерге қайтару туралы өтінішін Халық депутаттарының Қалалық кеңесінің Атқару комитетіне жазды. 1989 жылы КСРО Министрлерінің Кеңесінің Дін істері жөніндегі Кеңестің рұқсатымен собор ғимараты орыс православиелік шіркеуінің діни қауымының діндар адамдарына қайтарылған.
1997 -1998 ж.ж. иконостас қайта қалпына келтірілген, фресканы сақтау бойынша үлкен жұмыс жасалған, жайлардың сыртқы және ішкі жөндеуі өткізілген, күмбездері алтынмен жалатылған және жаңа киоталар салынған. Одан басқа, жаңа қоңыраулар орнатылған. Сол кезде собормен шектесіп тұрған территория сәулеттендірілген, кеспе салынып, алаң асфальтталынған, гүлбақтар мен гүлзарлар қойылған.
Қазіргі кезде Михайло-Архангельск соборы 18 ғасырдың сәулет ескерткіші болып табылады, мемлекеттік қорғауында және Орал қаласының басты көрікті жерлерінің бірі.
Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.
19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.
Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.
Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.
Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.