Қырық оба қорымы
Мәдени мұра
0 / 0 пікір
Батыс Қазақстан облысы
Сипаттама

Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасы бойынша зерттеуге алынған бұл ескерткіш еліміздің батыс аймағында, Батыс-Қазақстан облысының Бөрлі ауданында орналасқан.

Ескерткіштің жанынан халықаралық Орал-Орынбор автотрассасы өтеді. Ескерткіштің тұрғызылған уақыты савромат кезеңі, яғни б.д. дейінгі бірінші мыңжылдықтың ортасына жатады. Қырықоба кешені екі бөліктен тұрады. Оңтүстік - «үлкен оба» өзімен бір кешенді құрайтын, қатар орналасқан екі ұзынша келген, «батон» тәріздес обалардан тұрады. «Үлкен обаның» биіктігі 14 м құрайды. Солтүстік бөлігі бірінші кешеннен тоғыз шақырым қашықтықта орналасқан. Ол шығыстан батысқа созыла орналасқан обалар тізбегінен құралған. Бұл ескерткіште жүргізілген зерттеулер савроматтардың ғұрыптық-жерлеу құрылыстарының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді.

Екі обадағы зерттеу жұмыстары, олардың жер бетіндегі құрылыстар екенін және белгілі бір уақыт аралығында ақсүйектерді жерлеуге арналғанын көрсетті. Соңғы жерлеу ғұрпы ескерткішті құлатумен (өртеп жіберумен) ұштасқан. Қабірлерден тастан, қоладан, алтыннан және сүйектен жасалған таңғажайып дүниелер табылды. Арасында дәстүрлі савромат дүниелерінен бөлек Мысыр, Парсы елдерінің бұйымдары кездеседі.

Қырықоба кешеніндегі зерттеу жұмыстары еліміздің көне тарихын, сәулет ескерткіштерін және өнерін тануда үлкен мәнге ие. Ескерткіштің туризм нысаны ретіндегі маңызы зор.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4 / 0 пікір
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.