С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық драма театры
Мәдени мұра
0 / 0 пікір
Солтүстік Қазақстан облысы,
54.8591, 69.194
Сипаттама

Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық драма театры, Сәбит Мұқанұлы Мұқанов атындағы (Петропавл қ.) - мәдени мекеме. 1999 ж. желтоқсаннан бастап ұйымдастырылды. Жазушы С.Мұқановтың 100 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс ашылғандықтан Мұқанов есімі берілді. Театр шымылдығы 2000 ж. 15 маусымда Мүқановтың "Аққан жүлдыз" спектаклімен ашылды. 2000 - 2005 ж. ұжымның бас режиссері, әрі директоры О.Ақжарқын-Сәрсенбек, суретшісі А.Сырбаева болды. Театрдың алғашқы актерлері Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері болды. Қазіргі таңда театр репертуарында: Ш.Айтматовтың "Шыңғыс ханның ақ бұлты" бойынша, М.Хасеновтың "Пай, пай, жас жұбайлар-ай", С.Жүнісовтің "Қысылғаннан қыз болдық", "Елім-ай", С.Сматаевтың "Көгілдір такси", Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян сұлу", С.Ваннустың "Иірім", Б.Ұзақовтың "Үміт", П.Мерименің "Кармэн", т.б. бар. Театр ұжымы 2001 ж. Республикалық театр фестивалінде М.Баджиевтің "Қылмысты оқиға" спектаклімен Бас жүлдені жеңіп алды. Театрда Жастар одағы сыйл. иегерлері Н.Мағавина, А.Алтыбаева және актерлер Б.Жалғасбаев, М.Құсайынов, Д.Саудов, Е.Шүкіров, т.б. еңбек етеді. Театрда "Желдірме" фольклорлық ұлт-аспаптары ансамблі ашылды.

2002 жылы Ғ. Мүсіреповтің туындыларына арналған Х-шы Республикалық театр фестивалінде Б. Жалғасбаев пен Н. Мағауина «ең үздік Қозы» және «Ең үздік Баян» номинациясын жеңіп алды. Аталмыш жылы актер Б. Жалғасбаев Президенттің Құрмет грамотасымен марапатталды және сол жылы актрисалар Н. Мағауина және А. Алтыбаева «Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты» атағын алды. Театр 2003 жылы Каирде өткен XV-Халықаралық театрлар фестивалінде Ғ. Мүсіреповтың «Қозы көрпеш-Баян сұлу» пьесаның желісі бойынша жасалған «Шың басында» атты экспериментті қойылымымен қатысып, үздік ондық қатарынан орын еншілеп, Құрмет грамотасымен марапатталды. 2004 жылы XII-ші Республикалық театрлар фестиваліне М. Ғаппаровтың «Қуыршақ немесе қызғаншақ қыздардың кеші» қойылымымен қатысып Оразәлі, Ақжарқын-Сәрсенбек «Үздік режиссер» номинациясын еншіледі. Сол жылы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ұсынысымен, ЮНЕСКОның қолдауымен Астана қаласында өткен VII-ші Халықаралық жастардың шағармашылық «Шабыт» фестивалінде П. Мерименің «Кармен» қойылымымен қатысып, сахнагер Н. Мағауина «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясын жеңіп алып, фестиваль лауреаты атанды және «Театр тартуы» номинациясы бойынша театр III-ші орынға ие болды. 2005 жылы Қызылорда қаласында өткен Қ. Жандарбеков пен Қ. Байсейітовтың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған XIII-ші Республикалық театралдық фестиваліне Д. Исабековтың «Тыныштық күзетшісі» қойылымымен қатысып, сахнагер Е. Шүкіров «Үздік ер адам бейнесі» номинациясын иеленді. 2006 жылы театр басшысы Қ. Қасымов пен театрдың көркемдік жетекші Б. Жалғасбаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет белгісі «Мәдениет қайраткері» атағын алды. 2008 жылы, Ақтау қаласында өткен Н. Жантуриннің 80-жылдық мерейтойына арналған XVI-шы Республикалық театралдық фестиваліне А. Володиннің «Қос жебе» қойылымымен қатысып 2-ші орынды еншіледі. Театр бүгінге дейін «Бір түп алма ағашы» авторы және режиссері Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері Ә. Оразбеков, Абайдың «Қара сөздері», Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне», Т. Ахтанов «Күшік күйеу», Т. Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» (режиссері М. Ақжолов), М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы», Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Еңлік -Кебек», Т. Улиямс «Шыны хайуанат» (режиссері Б. Шамбетов), К. Гольдонидің «Екі қожаға бір қызметші» (режиссері Ресей мен Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері Б. Н. Преображенский), М. Жұмабаев «Батыр- Баян» (режиссері М. Оспанов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері), Сәбит Мұқанұлы Мұқановтың «Балуан Шолақ" повесінің желісімен жазылған Д. Исабековтің «Жау жүрек», режиссері (Ж. Хаджиев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Тәуелсіз платиналы «Тарлан» сыйлығының иегері), Ә. Тарази «Жақсы кісі» (режиссері Ғ. Баязитов), Н. Байтеміров «Абайлаңыз қалыңдық" (режиссері Б. Шамбетов), О. Богаевтың «Down-Way» (режиссері Б. Әбдірхманов), А. Богачеваның «Эйр-Балалық», Т. Жүжженоғлының «Тығырық», С. Жүнісовтың «Елім-ай», Ш. Башбековтың «Шойын қатын» осындай қырықтан астам қойылымдармен көрермен көк жиегін кеңейтіп, сырбаз сахна сан қырлы сәулесін шашты. Театр жан-жақты рухани ізденіс үстінде, заманауи құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Облыс пен қалаларға, аудан-аймаққа гастрольдік сапармен өнер сабақтастырып, халықпен тығыз байланыста болып, өнер биігінен өз жолын салып барады.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4 / 0 пікір
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.