Қызылорда облысы Қарамақшы ауданында Тағай ауылынынан солтүстік-шығысқа қарай 16 шақырым жерде VII-VIII ғасырларының бірегей сәулет ескерткіші Сырлытам кесенесі орналасқан.
Кесененің нақты салыну мерзімі жайында тікелей дәлел жоқ, дегенмен ғалымдардың айтуынша, оны сәулет ерекшеліктері көрсетіп тұр. Бұл кәдімгі біркамералы бетше босағалық-күмбезді шатыр жабыны бар кесене бар. Ішкі күмбезі сфероконустық болып келеді, ал сыртқысы аласа сегіз қырлы барабанның үстінде орналасқан сегіз қырлы мұнараның формасына ие. Бетше босағасы тым үлкен емес, түрі мен құрылысы жағынан ол сүйір доғалы кіретін текшесі бар бас қасбетінің қабырғаларына ұқсас. Осы кесене солтүстік түркістандық құрылысшыларының сәулет өнеріндегі қиын ізденістерін дәлелдейтін, барабан үстінде көтерілген шатыр күмбезінің бар болуымен сипатталатын ортағасырлық кесененің ерекше тобынан шыққан.
Сырлытам күйілген кірпіштен салынған, сәулет өнері жағынан оның өлшемі 10×11 м, ғимараттың сақталып қалған биіктігі 9 м болып табылады. Төрттік пен сегіздік арасындағы өтпе жолы бұрыш доғалары арқылы жасалған. Одан кейін сегіздік бұрыштарында диагональдық түрде тұрған кірпіш-консольдері арқылы бірден күмбездің шеңберіне өтетін жол бар. Кесене күмбезі екі жақты болды, оның барабаны он алты қырлы болған, өкінішке орай ол біздің уақытымзға дейін жетіп сақталмаған.
Кесенеге кіру орны екеу болған — солтүстік пен оңтүстік жағынан. Орталық (оңтүстік жағындағы) кіреберісі сүйір доғасы бар бетше босағасымен көркемделген. Басты қасбетінің астауы майоликалы тақталарынан салынған П тәрізді белдемесімен безендірілген. Жалған күмбезінің тәсілі бойынша салынған барабанның терезелері сүйір болып келеді. Құрылыс барысында қолданылған құрылыс материалдары мен сәулет өнеріндегі тәсілдерінің негізінде ғалымдар Сырлытам кесенесін Алтын Орда кезеңінің ескерткіштеріне жатқызған.
Бүтін қалған, бұзылмаған күмбездер мен барабандары бар Алтын Орда дәуірінен қалған кесенелер көп емес болғандықтан, Сырлытам бірегей болып келеді және бастапқыдағы түрі бойынша пікір тию үшін осы құрылымдардың әжептеуір түрде сақталып қалған қалдықтары бар ескерткіштер ерекше бағалылыққа ие. Қазақстан аумағында осы кезеңге жататын кесене бар, ол Іңкірдария ауылынан оңтүстікке қарай 25 шақырым жерде, аттас ағыс құрғақ арнасының жағасында орналасқан. Сәулет ерекшеліктері бойынша осы кесенелер өте ұқсас, екеуі де бір камералы бетше босағалық-күмбездік құрылыстар болып келеді, және олардың негізгі айырмашылығы күмбездік жабын құрылымдарында. Іңкәрдария өзені бойында орналасқан кесене аласа дөңгелек барабан үстінде жалаң қабатты сфероконусты күмбезімен жабылған.
Шығыстағы Арал бойындағы Алтын Орданың аман қалған екі кесененің тарихи және мәдени маңызы –жоғары дәрежеде сақталуының арқасында сол кезеңдегі ақсүйектер кесенелерінің негізгі екі түрін баяндайтын толық көрінісін беретіні болып табылады.
Бір-бірінен айтарлықтай алыс қашықтықта тұрып, олар бірдей, яғни Сырлытам болып аталады. Қазақтың сәулетшісі М.К. Сембин сәулет өнеріндегі ескерткіштердің кейбір жиі кездесетін атаулардың мағынасын талдап, былай жазды: «Ішкі көріністегі сәндік өрнегімен, қасбеті оюлы терракотасымен қапталуымен Сырлытамды байланыстыру жөн (сырлы – әшекейленген). Қазақстанда осылай аталған кесенелердің бірнешесі бар және олар елдегі түрлі аймақтарында орналасқан (Ақмола, Қостанай, Қызылорда облыстары)». Әдетте, жалпы атаулар, өзінің атын жоғалтқан, яғни оларда жерленгендердің аттары біздің уақытымзға дейін жетіп сақталмаған кесенелерге беріледі.
Уақыт пен адамзаттың әрекеті көне ескерткіштерді аямайды, өкінішке орай бұл Сырлытам кесенесіне де байланысты. 20-шы ғасырдың ортасында кесене бірен-сарандап бұзылып қалған. Жергілікті ақсақалдардың айтуынша, кесененің шатырын «Өзбекторға» сексеуілді дайындау бойынша кәсіпорынның кәсіп еткен трактористтері арқанмен жұлып әкетті. Дегенмен қабырғалары бүтін және аман болып қалды. 2000 жылдардың басында тарих пен мәдениет қайта қалпына келтірілген. Сырлатам қайта қалпына келтірілгеннен кейін өзінің бастапқы түріне ие болды.
Дереккөзі: culturemap.kz
Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.
19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.
Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.
Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.
Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.