Шопан ата қорымы – тарихи-этнографиялық мәдени ескерткіш. Батыс Қазақстан жеріндегі көне сәулет өнеріне (12 – 20 ғасырлардың басы) жатады. Қазіргі Маңғыстау облысындағы Сенек ауылының солтүстік-шығысынан 25 км жерде орналасқан.
Қорым, аңыз бойынша Қожа Ахмет Иасауидің шәкірті Шопан ата салдырған мешіті төңірегіне жайғасқан. Шопан ата қорымы жергілікті халықтың ертедегі салт-дәстүрін, жерлеу рәсімін танытатын діни архитектуралық құрылыс түрінде салынған. Ол алып жатқан жер көлемі мен ескерткіштерінің саны жағынан (2 мыңнан астам) Арал – Каспий өңіріндегі ең ірі қорымның бірі әрі қазақ және түрікмен қорымы деп нақты межеленіп, екіге бөлінген. Оның дәл ортасындағы әк тастан қашалып жасалған мешіт бірнеше бөлмеден тұрады. Мешіт ауласында “қасиетті” тұт ағашы өскен және жуынып-шайынатын тас суат бар. Қорымның солтүстік-шығысында құжыралар, михрабтар мен намаз оқып, демалатын негізгі жайлар, ал шығыс бөлігінде көптеген сағанатам, күмбезді кесене, құлпытас, қойтас пен сандықтастар орналасқан.
Мұндағы ескерткіштер архитектуралық және әшекей-өрнектік шешімі жағынан сан түрлі: олар әктас, құмтастан қашалып жасалған. Ірі құрылыстардың ішінде ерекше көзге түсетіні – сағана тамдар. Олардың кіре берісі кесенелер секілді оңтүстікке қарайды. Шопан ата қорымын М.Меңдіқұлов басқарған архитектуралық экспедициясы (1952), Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігі (1977 – 78) және Республика ескерткіштерді қорғау қоғамының (1982) экспедициясы зерттеген.
Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.
19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.
Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.
Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.
Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.

