Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы
Мәдени мұра
5 / 0 отзывов
Алматы облысы,
43.2428, 76.9548
Сипаттама

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы (Дендросаябақ) – Алматы қаласының бірегей табиғи көрінісін және ХХI ғасырдың ғылыми жетістіктерін біріктіру мақсатында құрылған саябақ.

Саябақ жобасын жетілдіру барысында халықтың таза ауада демалуы үшін жайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған табиғи (жер бедері, өсімдіктер, су) және жасанды сәулет-инженерлік құрылыстардың жиынтығын қамтитын жасыл көшеттер жүйесін құру принциптері негізге алынған.

Географиялық орны

Алматы қаласының Бостандық ауданында, Науаи көшесі мен Әл-Фараби даңғылы қиылысында орналасқан. Кіреберісі жарты дөңгелек аркадасымен айқындалады.

Тарихы және сипаты

Дендросаябақтың жалпы ауданы – 73 га. Саябақ құрылысы 2001 жылдан басталған. Сол жылдан бастап негізгі жобалық элементтер, яғни саяжолдар, көшелер мен дендрологиялық учаскелері құрылған, дендрологиялық жобасы бойынша жасыл көшеттер отырғызылған. Алғашқы ағаштардың бірін (емен) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2001 жылы өзі отырғызған. Алматы қаласының «Пекин 2008» акциясының шеңберінде олимпиада жалынының эстафетасына қатысуының құрметіне жүзден астам атаулы ақ қайың мен шырша, 2011 жылы 100 тянь-шань шыршалары отырғызылды. Саябақ 2010 жылдың шілдесінен бастап жұмыс жасайды. Сол уақыттан бастап Алматы қаласы бойынша ең ірі бас бұрқақ (сыйымдылығы 2820 кубты құрайды) жұмыс істейді.

Бұрқақтың жоғарғы жағында 2011 жылы 11 қарашада Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылып «Қазақстан» атты монументалды-мүсінді композиция орнатылды. Композиция қола, гранит және мәрмәрден салынған бүркіт түрінде дайындалып, ортасына Тұңғыш Президенттің мүсіні орнатылған. Бүркіттің қанаттарында Алматы мен Астана қалаларының нышандары және Қазақстанның көптеген басты сәулет пен тарихи нысандарының үлгілері бейнеленген.

Саябақ іші мен сыртының жабдықталуы қазірзгі таңда да жүру үстінде. Саябақтың негізгі жоспарына 9,5 га су құрылыстарының кешені және 4,8 га тау сілемінің аймақтары енгізілген. Қазіргі таңда болашақ саябақ құрылысында климатрондар мен алты каскадты бұрқақтар жанында гүлбақшалар, демалу алаңдары, жүруге арналған жолдар және т.б. орналасқан. 12 м-лік тау етегінде орналасқан бақылау алаңы да саябақ ішіне кіреді.

Пікірлер
5 / 0 отзывов
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4.5 / 1 отзыв
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.