
Жамбыл Жабаев ескерткіші Жамбыл алаңында орналасқан. 1961 жылы ақынның 115 жылдың мерей тойына арналып салынды.
Жобаның авторы – сәулетші В. Сашенко мүсінші Қазақ ССР-інің халық суретші Х. Наурызбаев. Мүсін Ленинградта жасалған. Қола мүсін тік бұрышты ашық қызыл плитадан жасалған биік таста тұр. Жамбыл ұзын шапанда, бөрік киген, сол қолында домбыра, оң қолы жоғары көтірілген.
Жамбыл Жабаев халық ақыны, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында туған.
Халық ауыз әдебиетінің ірі өкілі. Қазан төңкерісіне дейінгі өлеңдері сүйікті шығармашылығы – айтыс. Батырлар туралы өз халқын қорғаған ерлік істері туралы жырлаған ақын. Соғыс жылдарында Қоршаудағы Ленинград қаласын қорғаған батырларға арнап жазаған «Ленинградтық өренім» атты өлеңі көп ұлтты кеңес әдебиетінің ең үздік шығармасы.
1934 жылы Алматыда республикалық айтыстың лауреаты, СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1941 жылы Ленин және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.
19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.
Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.


Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.