Қаратөбе қорымы
Мәдени мұра
0 / 0 отзывов
Маңғыстау облысы
Сипаттама

Қаратөбе – қорым (17 – 20 ғасырлар). Маңғыстау ауданы,Тұщықұдық ауылынан шығысқа қарай 30 км жерде.

Қорым алып жатқан алаң (1,8 га) көп бұрыш пішіндес. Қаратөбеде 225 ескерткіш бар.

Шағын ескерткіштің ішінде 6 қырлы күмбезді кесене (19 ғасыр), тік төрт бұрышты сағанатам, 2 сандықтас және қорымның орналасқан, Оңтүстік, Оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігін алып жатқан 15 құлпытас оқшау көрінеді.

Гөрхана және сағанатам сары топырақ ерітіндісімен бекітіліп, құмдақты әктастан тұрғызылған және өңделген тақтатастарды қатар-қатар алмастыра салып, ұстастыру тәсілімен қапталған. Шағын ескерткіштер (жазуы бар құлпытастар, қойтастар, шимайлы жазуы бар блоктар, сандықтастар) Маңғыстау және Үстірттіңмемориалды ескерткіштері дәстүрінде жасалған.

Құлпытастар модельдеу жағынан жалпақ тақталар типіне жатады. Қойтастардың құрылымында ескерткіш тұғыры мен ұшын үйлестіру тәсілі қолданылған. Сандықтастар жалпақ бедерлі ою-өрнектермен әсем безендірілген. Шағын ескерткіштер композициясын сәндеу ісіндегі ою-өрнек түрлері геометриялық (квадраттар, тік төртбұрыштар, ирек-ирек оқалы белгілер), көгеріс (бүршіктер, гүлдер, жапырақтар, «қасиетті ағаш» бұтақтарының бұрамалары), зооморфтық (қосмүйіз, сыңармүйіз, түйетабан) және космогониялық (жұлдыздар, жартыайлар) сызықтарымен өзара ұштастыру жолымен жасалған. 

Дереккөздер: Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;

Пікірлер
0 / 0 отзывов
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4.5 / 1 отзыв
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.