Қамысбай қорымы
Мәдени мұра
0 / 0 отзывов
Маңғыстау облысы
Сипаттама

Қамысбай қорымы - ескі бейіттер. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 14–15 км жерде орналасқан. Оны алғаш 1951 жылы Қазақстан ғылым академиясының археолог экспедиция (жетекшісі М.Меңдіқұлов) зерттеді. Қамысбай қорымы күмбезді мазарлар, сағана тамдар, құлпытастар мен қойтастардан тұрады.

Қорымның ерте архитектура құрылыстары 19 ғасырдың 1-жартысында салынған. Олар қорымның солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр. Қалған ескерткіштер 19 ғасырдың соңы, 20 ғасырдың бас кезімен мерзімделеді. Қамысбай қорымындағы ескерткіштерге салынған өсімдік өркендері мен әр алуан заттардың бейнелері, түрлі бедерлер тас қашау ісінің шеберлігін көрсетеді. Қазіргі таңда Қамысбай қорымы ашық аспан астындағы халық архитектурасының мұражайы ретінде ерекше бағаланады.

Пікірлер
0 / 0 отзывов
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4.5 / 1 отзыв
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.