«Жер-ана» монументі
Мәдени мұра
0 / 0 отзывов
Ақмола облысы
Сипаттама

«Жер-ана» монументі - еліміздің төріндегі Тұмар ханым ескерткіші. 2008 жылы Астанада Президенттік мәдениет орталығына (ҚР ҚК әскери-тарихи мұражай) қарсы бетте «Жер-ана» монументі бой көтерді.

Бүгінгі күнге дейін ескерткіш еліміздегі ең көркем монументтердің бірі болып саналады. Сақтардың патшайымы Тұмардың ұлы тұлғасы әр адамның бойына жігер беріп, рух сыйлайтындай.

Қазақ мәдениеті батырлар мен ел жақсылары жайлы аңыз-әфсаналарға бай. Халқымыз даналығымен ерекшеленген ел ағаларын да ешқашан ұмыт қалдырған емес. Ұлы сахарада сақтардың көшін бастаған Тұмар ханым жайлы аңыз жалпақ жұртқа мәлім. Антикалық дәуір тарихшылары Страбон, Полиэн, Кассиодор және Иордан сақ патшайымы туралы мол мәлімет қалдырып кеткен. Оның бейнесін Рубенс, Аллегрини, Лука Феррары, Гюстав Моро сынды суретшілер шеберлікпен сала алды. Мүсінші Северо Кальзетта да Равенне патшайымның бейнесін темірден соғып бейнелеген.

Қазақ халқы ежелгі дәуір патшайымын ерекше құрметтейді. Тұмар ханым – көшпенділерге тән даналық пен өжеттіліктің символы іспеттес. Сол себептен болар, «Жер-ана» монументі Астанамыздың жүрегінен орын алып, көңілге ерекше әсер етеді

2008 жылы Астанада Президенттік мәдениет орталығына (ҚР ҚК әскери-тарихи мұражай) қарсы бетте биіктігі 10 метр «Жер-ана» монументі бой көтерді. Туындының авторы – танымал ресейлік мүсінші, зергер, суретші Даша Намдакова. Композицияның дәл ортасында биіктігі 7 метр Тұмар ханым бейнеленген. Екі жағында тісімен патшайымның қылышын ұстап тұрған екі барыс орналасқан.

«Жер-ана» композициясын зергерлік туынды деп атауға болады. Көлемінің үлкендігіне қарамастан, монумент нәзіктікті де батылдықты да әдемі үйлестіріп тұр.

Монумент авторы көшпенді халыққа тән сипатты жақсы сезінген. Бұл ескерткіш елорда тұрғындары мен қонақтарының жүрегінде бостандық және өжеттіліктің шамын жағатын көркем символға айналды.

Пікірлер
0 / 0 отзывов
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4.5 / 1 отзыв
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.