
47.2908, 79.719
Қозы көрпеш – Баян сұлу мазары – 10 – 11 ғасырларда тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші.
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылына таяу, Аягөз өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Мазар туралы алғаш жазған академик И.П. Фальк (1771). 19 ғасырдың 30-жылдары В.Федоров, 40-жылдары А.И. Шренк, Ш.Уәлиханов (1856), Н.А. Абрамов (1858), М.Путинцев (1863), Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетек. Ә.Марғұлан) зерттеген (1952).
Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде (сырт жағынан аудаы 7,107,10 метр, ішкі жағынан 3,383,38 метр), жоғары қарай сүйірленіп, күмбезделіп өрілген, биіктігі 11,65 метр Еденінен күмбезіне дейінгі биіктігі 4,35 метр Қабырғасы гранит қалақ тастан сабан аралас балшықпен қаланған, қалыңдығы 1,86 метр Кірер есігі шығысқа қаратылған. Қозы көрпеш – Баян сұлу мазарының жанында төрт тас мүсін болған. Олардың нобайын 1771 жылы Г.Волошин, 1856 жылы Ш.Уәлиханов қағаз бетіне түсірген. Тас мүсіндерде үш әйел мен бір ер адам бейнеленген. Халық арасындағы аңыз бойынша, үш әйелдің бірі – Баян сұлу, екіншісі – сіңлісі Айғыз, үшіншісі – апасы Айтаңсық; ер адам – Қозы болса керек.
Қазір бұл тас мүсіндер жоғалып кеткен. А.Н. Белослюдовтың мәліметіне қарағанда, екі тас мүсін Германияға әкетілген. Ел ішіндегі аңыз-әңгімеде Қозы көрпеш – Баян сұлу мазарын және оның жанындағы тас мүсіндерді Сарыбайдың інісі Тайлақ би жасатқан деп айтылады.

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.
19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.
Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.


Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.