Тектұрмас күмбезі – сәулет өнері ескерткіші. Орта ғасырдың басындағы көне қаланың орнында – Жамбыл облысының Талас ауданындағы Қызыларық ауылының маңындағы Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Мазар (күмбез) 14 ғасырда салынған. Тектұрмас күмбезі түгелдей қираған, тек 19 ғасырдың 80-жылдарында түсірілген фотосурет бойынша ғана белгілі. Күмбезді мазар Сұлтан Махмұт ханның бейітіне орнатылған, астыңғы жағы төртбұрышты, жоғары жағы күмбезді, күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Есігі батысқа – Тараз шаһарына қаратылып, құрылыстың бұрышаруашылығыбұрыштарына қабыстыра сәнді бағаналар қойылғаны, қабырғалары сылақпен сыланғаны байқалады.
Тектұрмас күмбезінде 19 ғасырдың 2-жартысында В.А. Каллаур, ал 1939 – 1940 жылы Г.И. Пацевич зерттеу жұмыстарын жүргізген. 1986 жылы мазар маңы қоршалып, тиісті атауы жазылған ескерткішаруашылығытақта қойылды, ал 2002 жылы кәсіпкер А.Момышев жеке қаржысымен Тектұрмас күмбезін қайта жаңғыртып тұрғызды.

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.
19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.
Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.


Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.