Ыбырай Алтынсарин кесенесі
Мәдени мұра
4.5 / 0 отзывов
Қостанай облысы
Сипаттама

Ыбырай Алтынсарин кесенесі – ұлы ұстаз және ағартушының моласы орнындағы ескерткіш. Ескерткіш Тобыл өзенінің оң жағалауында Қостанай қаласынан 7 км жерде орналасқан. Ол әйгілі ұстаз-ағартушы, ғалым-этнограф, ақын және жазушы, публицист және мектеп білімі саласында танымал қайраткердің құрметінен салынған.

Ыбырай Алтынсарин зиялы адам бола тұрып халықтың блім алуына үлкен назар аударған. Ол тұңғыш халық мектебін ашты, «Қазақ хрестоматиясын» шығарды, қазақ тілін үйрену бойынша әдістемелер жазды. Жазушы ретінде ол «Бай баласы және жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй және ағаш үй» шығармалары арқылы танымал. Ғалым бола тұра Орынбордағы Орыс Жағрафиялық Қоғамының толық құқықты мүшесі болды. Осы қоғамның тапсырмасы бойынша қазақ этнографиясы жөнінде баяндамалар мен мақалалар дайындап басылымға шығарды..

Мазарының орнындағы кесене порталды-күмбезді типті қызыл кірпіштен жасалған әсем имарат. Ішінде ағартушы моласының үстінде гранитті тақта орнатылған.
Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы қайтыс болды және оның өмір сүрген кезінде «инспекторлық» деп аталып кеткен көлдің жағасында жерленді. 1947 жылғы 10 қыркүйекте Халық депутаттарының Қостанай қалалық кеңесі «Көрнекті қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің жерлеу орнын сақтап қалу» туралы шешім қабылдады. 1961 жылы ұлы оқытушының туғанына 120-жылдық мерейтойына орай оның жерленген орнына гранитті тас қойылады. 1991 жылы,Қазақстанда ағартушының 150-жылдығын кеңінен тойлаған кезде гранитті тас айналасында кесене тұрғызылды, оның салтанатты ашылуы 22 шілдеде өтті.

Дереккөзі: culturemap.kz

Пікірлер
4.5 / 0 отзывов
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4.5 / 1 отзыв
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.