Қонақ үй «Қазақстан»
Мәдени мұра
5 / 1 отзыв
Алматы облысы
Сипаттама

«Қазақ­стан» - қонақ үйі, Алматы қаласының орталығында орналасқан республикалық дәрежедегі жоғары класты мейманхана. Өзінің ерекше пішінімен бұл қонақ үй — Алматы қаласының символдарының бірі.

 

Жалпы мағлұмат

1000 орындық мейманхана ғимаратының 25 қабатының 21 қабаты (бір, екі, үш бөлмелі) қонақжай бөлмелерінен, төменгі екі қабаты қоғамдық қызмет көрсету жайларынан тұрады. Төменгі қабаттарда қонақтарды тіркеу, оларға тұрмыстық, техникалық қызмет көрсету (пошта, телеграф, жинақ кассалары, медициналық жәрдем, жолаушылар кассасы, “Интурист” бюросы, т.б.) бөлмелері орналасқан. Жылына 266 мың адамға қызмет көрсете алады. Жиналыстар, семинарлар, т.б. өткізуге арналған қосымша орындары, 116 орындық мәслихат залы, бизнес орталығы, жазғы кафе, банкет залы, ұлттық асхана, іскерлік кездесулер өткізуге арналған кең холл-вестибюль мен әр қабатта арнайы жабдықталған мүйістер бар.

Ғимараттың оңтүстік павильонында 4 банкет залы бар мейрамхана орналасқан. Ең жоғарғы қабатта тау мен қала келбеті айқын көрінетін “Космос” кафесі жұмыс істейді.

Сеулетшілері — Ю.Г. Ратушный, Л.Л. Ухоботов

Инженерлері — Ә.Тәтіғұлов, А.К. Деев, Н.Л. Матвеец

 

Техникалық сипаттама

Қазақстан — елдегі жер сілкіну қаупі бар аймақта орналасқан, сейcмикалық жағынан берік, биіктігі 102 м алғашқы заңғар ғимарат.

Оның зәулім тұлғасы 50,2×29,6 м өлшемді эллипс пішіндес, қызмет көрсету блогі бар тұғырбеттік бөлімнің өлшемдері 76,0×82,0 м, меймандар бөлмелеріне күн сәулесінің жақсы түсуі (инсоляция), жылдың ыстық маусымындағы желдің қолайлы бағыты ескеріліп, маңайындағы басқа құрылыстармен, табиғатпен жарасымды үйлестірілген. Балкондардың қоршаулары, ғимараттың шет жақтары және алдыңғы беттерінің саңылаусыз тік бөлшектері ғимаратқа монументтік сипат беретін ақ ұлутаспен қапталған. Орталық павильонның негізгі бөлігі — көлденең темірбетонды диафрагмалар тарайтын тұтас құйылған темірбетонды өзек. Ғимараттың негізгі қоршау құрылымдары жеңіл аспалы панельдерден құралған. Ішкі-сыртқы әрлеуіне мәрмәр, алюминий, сәндік сылақ, Қазақстанның жергілікті материалдары — ұлутас, гранит пайдаланылған. Мейманхана кешенінің барлық сәндік әшекейлерінде жергілікті ұлттық дәстүрлер ескерілген. Жобалық есебі аса күрделі де көлемді құрылыс сырт қарағанға жеңіл, еңселі тұрпатқа ие болған, төбесіне тізіле тартылған эркер жарықтары әсем ғимараттың айшықты тәжі іспетті.

«Қазақстан» мейманханасын жобалап, салған бір топ сәулетшілер, инженер-конструкторлар мен құрылысшылар Қазақстан Республикасының Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды (1980).

Пікірлер
5 / 1 отзыв
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4.5 / 1 отзыв
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 отзывов
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.