ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДАҒЫ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ

Қазақстанның киелі нысандарын әлемге таныту мақсатында BBC World News телеарнасының қатысуымен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Алтын адам», «Қожа Ахмет Яссауи, Айша Бибі мавзолейлері» фильмдері, «Күлтегін. Жаңа көзқарас» деректі тарихи фильмі шығарылды. 

Халықаралық қауымдастықпен байланысты нығайту мақсатында Қытай, АҚШ, Түркия, Ресей, Финляндия, Корея, Малайзия, Венгрия, Швеция және т.б. мемлекеттердің ұлттық кітапханаларында 34 қазақстандық әдебиет және мәдениет орталығы ашылды.

Қазақстанның мәдени және туристік тартымдылығының виртуалды 5 тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай) картасын әзірлеу бойынша жалпыхалықтық жобаны іске асыру мақсатында 3D түсірілімі бар көп салалы виртуалды карта жасақталды (85 нысан). Цифрланған 3D форматтағы нысандар туралы ақпарат Ұлттық музейдің сайтына (www.kazmuseum.com) жүктелген. 

Ruh.kz
Мне нравится 0
Комментарии 0
Чтобы оставить отзыв, необходимо авторизоваться