Мечеть Азилхан ишана
Cultural heritage
0 / 0 reviews
Kyzylorda Region
Description

Мекен жайы: Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылы, Ақтан батыр көшесі, 1

Әзілхан ишан мешіті, 1925 жыл. Ақтан батыр №1 көшесі Ақтан батыр ауылында орналасқан архитектуралық ескерткiш.
 
Мешіт құрылысы
 
Мешіттің ғимараты тікбұрышты күйдірілген кірпіштен тұрғызылған, бір қабатты, жоспары жағынан тікбұрышты.  Ауқымды өлшемдері – 17,33х12,14 м, биіктігі – 5,05 м, қабырғаларының қалыңдығы – 0,74 м. Ғимарат қапталды құрылысты және көлденең қабырғалармен үш секторға бөлінген.

Пішіні ұзынша төртбұрышты, ұзындығы 20 метр, ені 13 метр, жалпы ауласы 110х88 шаршы аймақты алып жатыр. Мешіттің көлемі 17,6х12,1 м, биіктігі 5,05 м. Қабырғасының қалыңдығы 0,74 м. Кіреберіс есігі солтүстік-батысқа қаратылған. Мешіттің ішкі құрылысы: намаз оқитын үлкен зал, кіре беріс дәліз, дәліздің сол жағы бала оқытатын бөлме, оң жағы тамақ дайындалатын бөлме, 4 пешпен жылытылады. Мешіттің кірпіші: бие сүтіне майдалап қиылған жылқының жалы мен ешкінің қылын қосып дайындаған.  

Құрылыс анфилада құрылымды және көлденең қабырғалар арқылы үш бөлікке бөлінген: біріншісі кіреберіс дәлізден және оның екі жағында орналасқан қызметтік екі бөлмеден тұрады, ал қалған екеуінде – екі бөлікті намаз оқитын зал бар. Залдың бір бөлігі екіншісінен үш үлкен ойығы бар қабырғамен бөлінген.

Кіреберіс ойығы бар қасбет солтүстік-батысқа, ал михрабы бар қасбет оңтүстік-батысқа бағытталған. Терезе ойықтары тек бүйірлік қасбеттерде ғана орналасқан. Ортаңғы үлкен терезеден және екі жұп кішірек терезеден тұратын олардың әрқайсысында симметриялық композиция құрылған.

Қос терезе михрабқа жанасып залдың бөлігін және қызметтік бөлмелерді жарықтандырса, ал орталық терезе залдың екінші бөлігін жарықтандырады. Қос терезе ойықтары – тікбұрышты, жоғарғы бөлігі доғалданып келген, төменгі жағында терезе алды сәнді жақтауы бар. Орталық терезе ойықтары жарты циркульді аркамен көмкерілген, арканың үсті кірпіштердің айшықты үш қатарымен, сондай-ақ жақтаулармен және терезе алды ернеулермен жиектелген.

Ғимараттың бұрыштары, сонымен қатар орталық терезелер мен қос терезелердің арасындағы бөліктер жауырыншалармен безендірілген, іргесі шығыңқы. Төбесіне сәндік бағанашалардан қойылған «парапет» бар.

Жабу құрылымына ағаш арқалықтар, жұқа тақтайшалар және саз балшық қолданылған. Мешіт іші толығымен сыланып, әктелген. Ескерткіштің архитектурасы «кірпіштік стилдің» көркемдік дәстүрін жалғастырған. Ол әсіресе, айшықты кірпіш қаландысының декорынан айқын аңғарылады.
 
 
Мешіт тарихы

Бұрынғы ХХІІ партсъезд атындағы кеңшардың территориясында орналасқан. Мешітті 1924 жылы жергілікті шебер Әбілдай Нұрымбетұлы Әзілхан ишанның тапсырысымен салған. Соғыстан кейінгі жылдары мешітті (1953-58 жж) мектеп, кейін шеберхана және қойма ретінде пайдаланған.

1918-1950 жылдары мешітте орта мектеп, 1950-51 жылдары тауық ферма, 1952-1961 жылдары дүкен, 1962 жылы наубайхана  орналасқан.

Әзiлхан ишан Қожаназар, Тiлеулес  ишандардың замандасы, Бұхарадағы Көкiлтас медресесiнде бiрге оқыған.
Ескерткішті 1986 жылы «Қазжобақалпынакелтіру» институтының экспедициясы зерттеген.
 

Әзілхан ишанның өмірдерегі

Әзілхан ишан 1854 жылы Қазалы уезінің Көларық елді мекенінде Домақ ауылында дүниеге келген. Қазіргі Ақтан батыр ауылы. Руы Қожа.

Арал, Қазалы өңірінде Саидқожа, Қорасан қожа, Әлімқожа әулиетінің ұрпақтары тұрады. Саидқожа әулеттері өздерін Әлімдердің Құрманай және Құттық руының, ал Қорасанқожа әулеттері өздерін жақайым руының қожасымыз деп атайды.

Олай дейтіндері олардың ежелгі ата-бабалары алғаш дін таратуға жоғарыда аталған рулар арасында қоныстанып қалған.
Алты ата Әлімнің бір баласы Айдарбектің сүт кенжесі – Ардана. Арданадан Кішкей мен Балтық туады. Кішейден - Алдажар, Қожамжар, балтықтан – Есенәлі, Дәулет, Есенәліден – Палуан, Кішкене туған, Кішкененің бәйбішесінен Жиней, Жолшара, Асан, Үсен, Тоқалынан-Құрманай, Құттық.

Құттықтан – Майдан, Қайдауыл, Алдияр, Кенжеғұл, Домақ. Әзілхан ишан осы Домақ руының меншікті жерінде дүниеге келген Саидқожалардың ұрпағы.

 

Саидқожа аталығы былайша жіктеледі.

Саидқожадан – Сейітжамалқожа, одан үш бала Әжісейітқожа, Мақытымсейітқожа, Құрбансейітқожа, Мақтымсейіттен – Уәлейсейітқожа-одан Қынабай, Қошақан, Қошақаннан – Құттыққожа, Әзілхан ишан, Әзмәмбет. Әзілхан ишаннан – Шақымқожа, Нарымбетқожа, Нарымбеттен Әбжәми, одан Қайырла, Әбдеш болып тарайды. Саидқожалар басына көгілдір түсті сәлде орайтын болған. Бұл түс оларды өзге рулардағы қожалардан ажыратып тұру үшін қажет болған.

Әзілхан ишан. Ишан деген сөз – ислам дінінің білгірі, әрі жетекшісі «... мұсылман қауымының басшы және дін ғұламасы ... Хажылыққа барып, діни білім дәрежесін таныта білген мұсылмандар ишан атағын алып отырады». Ишандар адамдар емдеп жазып отырған.

Мақаш Әбдікәрімовтың «Қожаназар ишан және ислам тағылымы» атты зерттеу еңбегінде Қожаназар ишан 16 жасында бір топ балалармен бірге Бұхараға оқуға аттанады. Бұхарадағы Көкілташ медресесін Тілеулес және Әзілхан ишандармен бірге оқып, бітіріп шығады делінген. Олай болса ишан атағы Әзілхан атаға халық берген атау емес Көкілташ медресесін бітіріп шығып алған атағы.

Осы Көкілташ медрессесінде Қожаназар ишан, Тілеулес ишан, Әзілхан ишан  үшеуі бірге дәріс алады. Ұстаздары: Қасым, ибн Әбубакір Саид Кәрим, Имам-Жагфар, Саид Қожа, Әбдухалид медресесінде жеті жыл оқыған. Әзілхан ишанның Бұхарада білім алған уақытты шамамен 1870-1877 жылдары аралығы. Әзілхан ишан да Қожаназар ишан секілді ишан атағын және Тарахат Мағрифат білімін игеріп елге қайтады. Тарахат Мағрифат дегеніміз сопылық хақ жолына шын берілу, емшілік қасиетпен бірге көріпкелдік, жан-жануарлар тілін біліп игеру деген сөз. 

Елге келген соң Әзілхан ата рухани-адамгершілік бағытта жұмыс жүргізіп халыққа ислам дінін уағыздап, бала оқытып, ауру сырқауларды, жанына шипа таппаған жандарды, бір перзетке зар болған пенделерді емдеп жазып отырған. 1913 жылы Қазалы уезінде атақты бес мешіт болған, майдаларын қоспағанда олар Ноғай мешіті, Сарт мешіті, Әзілхан ишан мешіті, Сайғондыдағы Тілеулес ишан, Бөгендегі Тәжімбет, Дария бойындағы Қожаназар ишан мешіті, Қазалыдағы кеңес заманына дейінгі 57 мұсылман мектептің бірі-осы Әзілхан ишан мешітіне орналасқан. 1917 жылы Әзілхан ишан қайтыс болады Әулие атаға сиынған халық қорым басына түнеухана салады.

Дереккөзі: kyzylorda-pamyatniki.kz

Reviews
0 / 0 reviews
leave a review
See other
0 / 0 reviews
Cultural heritage

In 50 km from the modern city of Atyrau, there is one of perspective tourist routes, regional memorial estate "Khan Ordaly Sarajshyk" who opens all ancient history of the Kazakh people.

4 / 0 reviews
Cultural heritage

The grave site of the great Kazakh poet of the 19th century, free-thinker and inspirer of the rebellion of Makhambet Utemisov is situated in Inder, Atyrau region, 40 km to the south-east from the village Inderbor.

5 / 2 отзыва
Cultural heritage

Atyrau region is rich in its architectural monuments of culture, one of them is considered to be Zhuban Mausoleum.

0 / 0 reviews
Cultural heritage

Senek reserve is an architectural monument of the XVII - XX centuries, it represents a necropolis consisting of several sepulchral constructions and an old mosque.

0 / 0 reviews
Cultural heritage

One of the oldest and most beautiful architectural monuments of the city - Uspenski Cathedral is located in the heart of the city of Atyrau, on Issatay Taimanov street, just a few steps from the main square.

0 / 0 reviews
Cultural heritage

One of the leading places in the cultural life of Atyrau and the whole Atyrau region belongs to the Kazakh Drama Theater named after Makhambet Utemisov.