Мавзолей Сатпая
Cultural heritage
0 / 0 reviews
Akmola Region
Description

Сәтбай кесенесі Жалағаш ауданы аумағынан өтетін Жаңадария өзенінің оң жақ жағасындағы «Сулыкөл» деп аталатын жерде, Шымбай жолының бойында орналасқан.

Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, аталмыш кесене құрылысы шамамен 1883 жылы басталып, 1885 жылы аяқталған. Оны көзінің тірісінде Сәтбай Қалабайұлының өзі салдырған. Кесене қырғыз елінен келген Мәмбетәлі деген кісінің жобасы бойынша салынған.

Құрылыс жұмыстарына тікелей басшылық жасаған – Құба Сарқасқа (Кіші жүз-Шөмекей) Аман деген ұста. Қазіргі таңда бұл кісінің ұрпақтары Жалағаш ауданы Мақпалкөл ауылында тұрып жатыр.Құрылыс үшін осы күнгі кесене тұрған жерге таяу арнайы қыш зауыты салынған. Балшыққа жылқының жал құйрығы, ешкінің қылы араластырылып иленген.

Қыштың көбісі сол маңдағы Жанқала (Жент), Бұзыққала деген ортағасырлық қалалардың орнынан түйемен тасымалданған.Құрылыс жұмыстарына Сарқасқаның алты Өтебайынан да адамдар қатысқан. Кесене басына Сәтбайдың 2 үйі мен оның баласы Ержанның да 2 үйі тігіліп, құрылыс қысы-жазы тоқтаусыз жүргізілген.

Кесене салынып біткеннен кейін Сәтбай Келмембет ұрпақтарының игі жақсыларын шақырып, үлкен той жасаған. Тойға Бөгембай Сарқасқа Кеншім би, Өтебайдан Қалдан батыр, Құжымбай сейіс, Жүргеннің Қарасы, Киікші Кете Дәуімшар би, Сарыбай Жабағы, Боқай сияқты сол өңірдің байлары мен билері қатысып, баталарын берген. Сәтбайдың өзі кесене салынып болғаннан кейін 21 жылдан кейін, яғни 1906 жылы қайтыс болған.Кесене Сыр бойы қазақтарының «үйтам» үлгісі бойынша салынып, көлемі 25х25х6 см ортағасырлық күйдірілген қыштардан тұрғызылған. Іргетасы мен табаны да сол кірпіштен қаланған. Есігі батыс жаққа қараған. Кесене портал салу арқылы ерекшеленеді.Кесененнің сыртқы көлемі – 8,20х8 метр. Жалпы биіктігі–5,70 метр. Порталдың биіктігі 4,50 метр. Төрт бұрышына 4 мұнара тұрғызылған.

Әрқайсысының биіктігі – 3,60 метрден.Кесене көлемі 6,10х6 метр бір бөлмелі, төбесі күмбез болып кетеді. Ішінде төрт қабір жатыр. Төрдегі үлкені Сәтбайдікі де, қалған үшеуіне немерелері жерленген.Кесененің ішкі беті «ганч» сылағымен сыланған. Қазіргі кезде ол сылақ опырылып түсіп қалған, бірақ қабырғанын әр жерінде сілемдері сақталған. Іші киіз үйдің жабдықталуына ұқсатып безендірілген және безендіру үшін архитектурамен тығыз байланысты монументальды живописьтің бір түрі қабырғаға салынған немесе сызылған «сграффито» суреттер техникасы пайдаланылған.Қабырғаларға сол кездегі қазақтардың көшін бейнелейтін суреттердің фрагменттері панорама үлгісінде майлы бояумен салынған. Суреттерде қой, жылқы айдалып, жүк артылған түйелер, сәйгүлік ат жетектеген атсейістер мен шабандоздар, қыз-келіншектер мен жігіттер көрінеді.

Табиғат көріністері, киік, қасқыр, т.б. жабайы аңдардың суреттері тұтас композицияда панорамаға енген. Суреттер толық сақталмаған, көп жерлері өшіріліп, түсіп қалған. Қабырғалардың кейбір жерлерінде қызыл және көк түстермен салынған ою-өрнектердің фрагменттері де ұшырасады.

Сәтбайдың немересі, Социалистік Еңбек Ері, марқұм Ұзақ Еспановтың айтуы бойынша, Сәтбай Қалабайұлы елге сөзін тындатқан, дауға билік айтқан би, елді бірлікке шақырған ұйымдастырушы адам болған. Сәтбай айтты деген нақыл, өсиет сөздер күні бүгінге дейін ел аузында сақталған.Аудан көлемінде «Сәтбай салған сара жол», «Сәтбай жолы», «Сәтбайдың төбесі», «Сәтбайдың бұрылысы» деген жер атаулары да бар.

Сәтбайдың Мырзабек деген баласы 9 жыл, Ержаны 12 жыл болыс, Саржаны 24 жыл үздіксіз ауылнай болған. Кенже баласы Еспан үш жүзге аты мәлім атсейіс болған. Сәтбайдың өзі де аса сыпайы, қазаны оттан түспеген қонақжай кісі болған. «Ел анасы» атанған әжеміз Ақбала да өте мейірбанды, келбетті кісі болған екен. Ылғи да «Тұқымың көп болсын», «Ой, көбейгір» деп айтып отырады екен.

Сәтбай кесенесі аудандағы сәулет өнерінің бір үлгісі ретінде мемлекеттік есепке алынған. Аталған кесененнің құндылығы – архитектуралық ерекшелігінде. Сонымен бірге, оның ортағасырлық кірпіштерден салынғандығы ескерткіш мәртебесін көтере түсуде.

Т.ҚОЗЫБАҒАРОВ,

Жалағаш аудандық музейдің экскурсоводы

Reviews
0 / 0 reviews
leave a review
See other
0 / 0 reviews
Cultural heritage

In 50 km from the modern city of Atyrau, there is one of perspective tourist routes, regional memorial estate "Khan Ordaly Sarajshyk" who opens all ancient history of the Kazakh people.

4.5 / 1 отзыв
Cultural heritage

The grave site of the great Kazakh poet of the 19th century, free-thinker and inspirer of the rebellion of Makhambet Utemisov is situated in Inder, Atyrau region, 40 km to the south-east from the village Inderbor.

5 / 2 отзыва
Cultural heritage

Atyrau region is rich in its architectural monuments of culture, one of them is considered to be Zhuban Mausoleum.

0 / 0 reviews
Cultural heritage

Senek reserve is an architectural monument of the XVII - XX centuries, it represents a necropolis consisting of several sepulchral constructions and an old mosque.

0 / 0 reviews
Cultural heritage

One of the oldest and most beautiful architectural monuments of the city - Uspenski Cathedral is located in the heart of the city of Atyrau, on Issatay Taimanov street, just a few steps from the main square.

0 / 0 reviews
Cultural heritage

One of the leading places in the cultural life of Atyrau and the whole Atyrau region belongs to the Kazakh Drama Theater named after Makhambet Utemisov.