триумфальная арка
Cultural heritage
5 / 0 reviews
Akmola Region
Description

Салтанат қақпасының Астанаға кіре беріс бетінен көрінісі. Қақпаның сол жағына қазақ ұлтының санасында ертеден қалыптасқан - даналықтың, данышпандықтың, ғұламалықтың нышаны, халықтың рухы мен ойының қорғаушысы - Ақсақалдың мүсіні орын тепті. Оның нағыз қазақтың Ақсақалы екендігін ұлттық киімі көрсетіп тұрады.

Қақпаның оң жақ бетінде, ойшықтың ішіне отбасының ұйытқысы - Әйел-Ананың бедерлі мүсіні қойылды. Себебі, біз Отанға, туған жерге деген махаббат сезімдерімізді білдіру үшін қашан да «Ана» сөзін қолданамыз, яғни «Отан-Ана», «Жер-Ана», «Ана -Тілі» деп айтып жатамыз.

Осы аталған әрбір мүсіннің астында қазақтың шежірелі - «Мәңгілік» белгісі бар. Бұл - мемлекеттің мәңгілік екендігін, қақпада көрсетілген композициялардың тақырыптары қазақ жұрты үшін мәңгілік маңызды болатындығын көрсетеді. Онымен бірге, түркі халқы «мәңгілік» белгісі барлық жамандықтан қорғап, жарық, жылу, өмір және жақсылық әкеледі деп сенген.

Әрбір мүсіннің жоғарғы жағында мемлекеттің елтаңбасы орналастырылды. Елтаңба нысанға айбындылық береді және оның мемлекет үшін ерекше маңыздылығын көрсетеді.

Қақпа ойшықтарының таза шығыс емес және таза еуропалық емес үлгідегі жолақтары құрылысқа ұлттық ерекшелік береді. Композицияның жоғары жағында, маңдайшасында «Мәңгілік Ел» жазуы бар. Ал ең жоғарғы бөлігі Көк байрағымызда қолданылған күрделі ою-өрнектермен әсемделді. Осында Туымыздағы күн мен қыран құс бедерленді. Күн - күн мен энергияның көзі. Символикалар тілінде бүркіт мүсіні мемлекеттік билікті, кеңдік пен көрегендікті білдіреді. Ұлтымыздың түсінігінде қыран құс қашан да бостандықтың, тәуелсіздіктің, мақсатқа, биікке, болашаққа деген ұмтылушылықтың нышаны болып келді. 

Қақпаның төрт бұрышында діңгектер бар, бұл оның классикалық үлгісін көрсетеді.

 

Салтанат қақпасына қаладан шыға беріс жағынан қарайтын болсақ, оның сол жақ бөлігінде Көшпелі жауынгердің, ал оң жағында қазіргі қазақстандық әскери қызметкердің сұлбалары орналастырылды. Көне жауынгердің мүсіні қазақ батырларының ерліктері мен қайсарлығын көрсетеді, ал оның стилистикалық кейпі Аңырақай шайқасы кезеңіне сәйкес келеді. Қазіргі жас сарбаздың мүсіні берік қорғанышы бар мемлекеттің болашаққа үмтылысын білдіреді.

Жалпы, аталмыш мүсіндер тобы мемлекетті қорғау - қазақ ұлтының мәңгілікке басты және қасиетті құндылығы болып қала беретіндігін көрсету мақсатын тұтады. Бұл мүсіндер жеңістер мен жетістіктердің ескерткіші ретінде қабылданатын - Салтанат қақпаларының әу-баста салына бастаған идеологиялық тұжырымдарына сәйкес келеді. Бүйір беттерінде сондай-ақ, ойшықтар бар.

Оның бір жақ бетінде түркі халқы үшін ауызбіршілік, қонақжайлық пен молшылықтың мағынасы бар - «Тай қазан» мүсінінің бір бөлігі, екінші жақ бетінде екінші бөлігі орналастырылды. Тайқазанның үстінде «Елім менің аңсаған, баба үмітін ақтаған» және «Бірлік, ынтымақ - баянды болашақ» жазулары болады.

Бүйір қабырғалар сондай-ақ, күрделі ою-өрнектермен безендірілді. Жоғарғы бөліктің ортасында қазақ жауынгерлерінің қорғаны «Қалқан» бедерленді. «Қалқан» ықылым заманнан бері қауіптен қорғанушылық, беріктік, табандылық пен жеңісті білдірді. Қалқанмен үйге оралу жеңістің белгісі болды.  Ал қақпаның астыңғы бөлігіне тоқталатын болсам, оның екі жағында да әрқайсынының көлемі 5,2х3,5 мерт болатын бедерлі композициялар орналастырылды. Олардың бірінің сюжетінің желісі қазақ халқының «Сақ» - «Түркі» - «Қыпшақ» - «Қазақ» тарихи даму кезеңдерінен көрініс береді. Басты тақырып ретінде - «Ұлы көш» көшпенділер өркениеті алынды. Екінші композиция ұлттың негізгі байлығы - Тәуелсіздікке арналды.

Мұнда Қазақстанның Тәуелсіздігін жария еткен алғашқы ресми құжат - Егемендік туралы декларация көрсетілді. Осындағы «Ақорда», «Бәйтерек» нысандары қазіргі кезеңдегі Тәуелсіздігіміздің мағынасын аша түседі. Осында сондай-ақ, емен-жарқын көңілдегі халық пен Елбасының бейнесі орналастырылды. Ал Қазақстан Республикасы Конституциясының алғашқы бабынан алынған «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» үзіндісі - композицияның идеологиялық түйінін жасайды.

Салтанат қақпасын орнатқан әр ел оны өзінің тарихымен ұштастырып, өз үлгілері бойынша жасады. Біз де ескерткішті таза өзіміздің нақышта жасауға тырыстық. Ол бұған дейінгілердің ешбіріне ұқсамайды. Әзірше мүсіндер орнатылған жоқ, бірақ нысанның өзі дайын.

Источник: inform.kz

Reviews
5 / 0 reviews
leave a review
See other
0 / 0 reviews
Cultural heritage

In 50 km from the modern city of Atyrau, there is one of perspective tourist routes, regional memorial estate "Khan Ordaly Sarajshyk" who opens all ancient history of the Kazakh people.

4 / 0 reviews
Cultural heritage

The grave site of the great Kazakh poet of the 19th century, free-thinker and inspirer of the rebellion of Makhambet Utemisov is situated in Inder, Atyrau region, 40 km to the south-east from the village Inderbor.

5 / 2 отзыва
Cultural heritage

Atyrau region is rich in its architectural monuments of culture, one of them is considered to be Zhuban Mausoleum.

0 / 0 reviews
Cultural heritage

Senek reserve is an architectural monument of the XVII - XX centuries, it represents a necropolis consisting of several sepulchral constructions and an old mosque.

0 / 0 reviews
Cultural heritage

One of the oldest and most beautiful architectural monuments of the city - Uspenski Cathedral is located in the heart of the city of Atyrau, on Issatay Taimanov street, just a few steps from the main square.

0 / 0 reviews
Cultural heritage

One of the leading places in the cultural life of Atyrau and the whole Atyrau region belongs to the Kazakh Drama Theater named after Makhambet Utemisov.